«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ»
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты ұлы ойшыл Абайдың туған күніне орай 2024 жылдың 9 тамызында ҚазҰУ-дың 90 жылдығы аясында өтетін «АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ІЛІМІ» атты бесінші халықаралық ғылыми (офлайн-онлайн) конференцияға қатысуға шақырады.
Конференцияға қазақстандық және шетелдік әдебиеттанушы ғалымдар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.
Конференция мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімін заманауи ғылыми парадигмалар тұрғысынан қарастыру. Конференцияда қарастырылатын мәселелер:
- Абайдың шығармашылық тұлғасы және тағылымы;
- Абайдың шығармашылық мұрасының жаңаша пайымдалуы;
- Абай ілімінің концептуалды жүйесі;
- Абайдың шығармашылық мұрасы мен ілімінің қазіргі руханияттағы орны мен маңызы.
Конференция 2024 жылдың 9 тамызында сағат 11.00-де әл-Фараби кітапханасының 409-залында өтеді. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.
Байланыс телефондары: 8701 270 18 68 (Ләйла Жұматайқызы); 8705 750 45 56 (Бибігүл Дәулетқызы).
Материалдар 2024 жылдың 9 тамызына дейін қабылданады. Мақалаларды мына электронды мекенжайға жіберу қажет: Abaigzikonf@gmail.com Конференция материалдарын электронды жинақ ретінде шығару жоспарланған. Жинаққа Халықаралық кітапханалық стандартты нөмірі (ISBN) беріледі.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:
- Материалдар электронды нұсқада Abaigzikonf@gmail.com поштасына қабылданады. Файл «Microsoft Office Word» форматында сақталып, автордың аты-жөнімен аталуы тиіс.
- Автордың аты-жөні, тегі, қызмет орны, ғылыми атағы, елі (шрифт Times New Roman, жартылай қою, курсив, 14-кегль) беттің жоғарғы оң жақ бұрышына орналастырылуы қажет.
- Мақаланың атауы (шрифт Times New Roman, жартылай қою, 14 кегль) – беттің ортасында.
Негізгі мәтін Times New Roman (14 кегль) қарпімен бір жоларалық интервал арқылы орындалады (үлгіні қараңыз). Негізгі мәтіннің абзацтық шегінісі – 1,5; теңестіру – ені бойынша; мәтіндегі тасымалды орналастыру – автоматты түрде.
- Әдебиеттер тізімі – негізгі мәтіннен кейін (шрифт Times New Roman
(12 кегль) - Әдебиетке сілтеме тік жақшаға алынады және сөйлем соңында әдебиеттер тізімінен алынған дереккөздің нөмірі, сондай-ақ беттің нөмірі тұрады.
- Автор туралы мәліметтер мәтіннің соңында көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық); қаласы; жұмыс орны және лауазымы; ғылыми дәрежесі және атағы; студент, магистрант, докторанттар оқу орнын, курсын, факультетті немесе кафедраны көрсетеді.
- Материалдардың көлемі 6 беттен аспауы тиіс.
Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ редакциялаудан өтпеген материалдар жинаққа қосылмайды.