ҚазҰУ-да ядролық қарусыздану мәселелері талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Ауқымды шара БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілдігімен және «Полигон 29 тамыз» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел отырысына БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Алматыдағы өкілі Властимил Самек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы Алмаша Аренова, Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фагани, дипломатиялық корпус, ғылыми және академиялық қоғамдастық, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жас ғалымдар, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары қатысты.
Іс-шараны халықаралық қатынастар факультетінің деканы Лейла Деловарова ашып, өтіп жатқан кездесу өте айтулы оқиға екенін атап өтті. Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған бұл халықаралық дөңгелек үстел барлық ұрпақ үшін маңызды. Қазақстан әлемдегі ядролық қаруды сынаудан ең көп зардап шеккен елдердің бірі. Дәл осы күні 1989 жылы 29 тамызда Семейдегі әлемдегі ең ірі ядролық полигон ресми түрде жабылған болатын.
«Бұл күн тек Қазақстан тарихы үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Бұл күн БҰҰ күнтізбесіне енгізілген. Біз үшін жас буынының бұл оқиғаның рөлін түсініп, оны терең түсінуі өте маңызды», - деді декан.
Жүздесуде Властимил Самек, Алмаша Аренова, Мохсен Фагани, Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Мудеррисоглу сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Халықаралық дөңгелек үстел жаһандық қарусыздану мәселелерін жан-жақты талқылаумен және еліміздің жаһандық антиядролық бастамаларын ілгерілетудегі Қазақстанның рөлін бағалаумен аяқталды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі