- Главная
- Новости
- «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы
Бүгін біз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бас ғимаратында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдадық, өте маңызды мәселелер айтылды.Тоқтала кетер болсам Жолдаудың негізгі басым бағыттары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталды.
Мемлекет басшысы банктердің ақша-несие саясатына байланысты жүйелі талдау жүргізіліп, фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою үшін банктер туралы жаңа заң қабылдау қажеттілігін атап өтті.
Шағын және орта бизнестен түсетін салықты өңірлердің өзінде қалдыру арқылы кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал ету мәселесі де айтылды.
Жолдаудағы басымдық берген бағыттың бірі — салық саясаты. Салық кодексін қабылдау. Ендігіде салық төлеуде әкімшілік жазалау тәсілі цифрлық жүйемен хабарлама жіберуге көшпек. Салық саясатын цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлықтан біршама тазаланатынымыз анық.
Мемлекет басшысы 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп атау туралы айтылды.
Маған қатты ұнағаны Мемлекет басшысы жолдауды қортындылай келе «Уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек», - деп бос жауап емес нақты шешім айтуға шақырды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
заң факультетінің 2-курс 102 топ студенті Алтынбеков Ерасыл Аманганиұлы.