- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – ел болашағы үшін маңызды бағдар!
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – ел болашағы үшін маңызды бағдар!

ТДМ 4. 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын Заң факультетінің студенттері де үлкен ықыласпен қабыл алды. Атап айтқанда, Заң факультетінің 110-тобының студенттері Жолдауды аса қызығушылықпен тыңдады.
Студенттерге Мемлекет басшысының басшысы халықтың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістері, оның ішінде, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды атап өтуі ерекше ұнады.
Жолдауды талқылау барысында студенттер өздерінің қызығушылығын тудырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, осы Жолдаудағы міндеттердің маңыздылығы мен олардың тиімді іске асырылуы еліміздің болашағына деген жастардың сенімін арта түсетіндігін атап өтті.
Заң факультетінің 1 курсының 110-тобы