ХАЛҚЫМЕН АҚЫЛДАСАТЫН БИЛІКТІҢ АТЫ ОЗАДЫFarabi University

ХАЛҚЫМЕН АҚЫЛДАСАТЫН БИЛІКТІҢ АТЫ ОЗАДЫ

18 қыркүйек, 2024

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы аумағында АЭС салу мәселесін бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс. Халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Жаңа Қазақстанда референдум өткізу арқылы Президент енді әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады.

Атом станциясын салу және оның энергетикасын игеру оңай бола қоймасы анық. Ең алдымен, технологияның тілін білетіндер керек. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осы салада жұмыс істейтін кәсіби мамандарды даярлау қажет екенін атап өтті. Әйтпесе, бейбіт атомды дамыту қиынға соғады. Уақыт өте келе, көмірден электр қуатын өндіруге шектеу қойылса, атом электр стансасын салудан басқа амал қалмайды деп отыр. Президенттің тапсырмасымен бұл мәселе бойынша жалпыұлттық референдум өткізіліп, ел талқылауына салынуда. АЭС салу арқылы еліміздің экономикасы көтерілуіне біршама септігін тигізеді, себебі, энергия көзі мол болады. Зауыттар салынады, өнеркәсіп көбейеді.  АЭС-тің құрылысы Қазақстанның жалпы ұлттық қауіпсіздігінің негізгі құрамдас бөлігі, мемлекеттің болашақ сенімді дамуының кепілі ретінде елдің энергетикалық егемендігі мен қауіпсіздігі тұрғысынан аса қажет болады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы: з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.Қалымбек.