"Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм"Farabi University

"Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм"

19 қыркүйек, 2024

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін бірқатар маңызды шешімдер мен жұмыстарды орындау туралы айтқан болатын. Соның бірі - еліміздегі энергия тапшылығын болдырмау үшін АЭС салуға байланысты жалпыхалықтық Референдум өткізу. "Күн өткен сайын экономикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады", – деп мәлімдеді Қ.К. Тоқаев.

Қазіргі кезде әлемнің дамыған және дамушы 30 елінде жиынтығы "200-ге жуық" атом электр станциясы барын айтқан президент, "бұл қуат көзі ел экономикасының ұлғайып бара жатқан қажетін елеулі дәрежеде өтейді," - деді. Сонымен бірге АЭС салу бойынша өңірлерде бірқатар тыңдалымдар өткізілген болатын. Референдумге байланысты оңтайлы қорытынды 6 қазаннан кейін белгілі болады. Республикамыздың азаматтарын референдумға белсенді қатысуға шақырамыз.

з.ғ.к., доцент Айгаринова Гульнар Тулеухадировна