- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция тақырыбындағы эдвайзерлік сағат. Картография және геоинформатика кафедрасы
Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция тақырыбындағы эдвайзерлік сағат. Картография және геоинформатика кафедрасы

Қыркүйек айының 18 жұлдызы Геоинформатика білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауымен толыққанды танысып, университеттегі ғылым мен білімді дамыту жолдары, сапалы білімге бағыт алу мәселелерін талқылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауының маңызы:
1. Стратегиялық бағыттар:
- Жолдау елдің даму стратегиясын айқындайды, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси реформаларды жүзеге асыруда басшылыққа алынатын маңызды құжат болып табылады.
2. Қоғамдық диалог:
- Жолдау қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты нығайтады, халықтың пікірін ескеру қажеттілігін көрсетеді.
3. Әлеуметтік тұрақтылық:
- Ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
4. Инновациялар мен даму:
- Цифрландыру мен білім беруді жаңғырту арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
5. Жастарға көңіл бөлу:
- Жолдауда жастардың дамуы мен әлеуметтік қолдауға баса назар аударылған, бұл болашақ буынның тұрақты әрі дамыған қоғамда өмір сүруіне ықпал етеді.
6. Кемелденген қоғам құру:
- Халықтың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыра отырып, әділетті, тең мүмкіндіктерге негізделген қоғамды қалыптастыруға бағытталған.
Президенттің жолдауы – бұл тек стратегиялық құжат қана емес, қоғамның дамуына бағытталған, халықтың мүддесін ескеретін маңызды бастама. Ол еліміздің болашағына нақты бағыт беріп, әр азаматтың қатысуын талап етеді.
Сонымен қатар, студенттер Ел болашағына арналған стратегиялық инвестицияның мысалы ретінде көрініс табатын География және табиғатты пайдалану факультетіндегі Тұрақты даму аллеясы мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысты.
Басқа жаңалықтар


