ТДМ-4. География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 2-3 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.Farabi University

ТДМ-4. География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 2-3 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

18 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму саласындағы 4-мақсат - сапалы білім беруге қатысты кураторлық сағатты 1 курс студенттеріне арнап «Welcome Party» кешін ұйымдастыру бойынша өткізілді. Бұл ТДМ-4 тармақтың 4.3-міндеті: арзан техникалық, кәсіптік және жоғары білімге тең қол жеткізу. Осыған сәйкес бізде бүгінгі таңда ЖОО-ның студенті болуға мүмкіндік алған студенттерімізді құттықтап, олардың болашақта сапалы білім алуы үшін қандай қадамдар жасау керегін, тұлға ретінде даму мақсатында студенттерге арналған мүмкіндіктер туралы айтып таныстырдық.  

 

Жалпы Қазақстанның әр облысынан келген студенттерді ортаға тарту, табысты оқуға мотивация мен шабыт беру, олардың алдында өзін-өзі дамытуға кең мүмкіндіктер ашылатын және де оқу мен даму жауапкершілігі студенттердің өздеріне жүктелетінін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара.

Бұл кездесу бір мамандықта оқып жүрген жоғары және төменгі курс студенттерінің бір-бірімен достық қарым-қатынастарын нығайтып, студенттік өмірде қолдау білдіретін жақсы орта қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймыз.