
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант беру рәсімінде: "Біздің ұлы мақсатымыз біреу. Ол – мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау және нығайту. «Әділдік, Сабақтастық, Өрлеу» деген тұжырымды сөзі де көпшіліктің есінде. Жүрекке жылы, құлаққа жағымды естілетін осы сөз барша қазақстандықтарды жұдырықтай жұмылдырса керек-ті.
Сабақтастық бір сабақтан өсіп-өнген, негізі бір, сарындас, үндес ұғым.
Әділдік үшін күрес тыйылмаған, тиылмайды да. Соған қарап-ақ әр қоғамның дамуымен қарама-қайшылықтың болатыны да ақиқат.
Өрлеу – жоғары жүру, өрге көтерілу, ілгері басу, өсу өркендеу. Ақ жолмен келген жетістікке қуана білу де, қуанышты бөлісе білу де адамгершілік аясынан арна табар қасиет. Бірлікті де тірлікті ғұмыр кешсек, әлі де талай-талай белестен өтіп, толағай табысқа жетіп, мол игілікке бөленуі қазақстандықтардың өз қолында әрі өрлеудің кепілі екенін «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономиклық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауы айғақтай түсті.
Адамзат жаралғалы «Білім артық па, әлде байлық артық па» деген қоғамның дамуымен қатар келе жатқан сауал.
Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында амал достар көп болады.
Білім артық, оны ұры қарыдан сақтаудың қажеті жоқ, ал жиған дүние-мүлкіңді ұрылардан күнде қорғау керек.
Білімің көп болса, ел саған қызығады, байлығың көп болса, ел сені қызғанады, білімнің артық болатыны сол, – деген ұлы даналардан жеткен қағидаттың заманауи құндылыққа айналғанына көз жеткізсеңіз сабақтастықтың сырына қанығасыз.
Президент ұсынған «Жайлы мектеп» атты ұлттық жобаның жүзеге асырылып, 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектептің пайдалануға берілуін «Самұрұқ-Қазына» қорының қадағалауына жүктегені нәрсені аңғартады.
«Өткенін білмеген, болашағын болжай алмайды» деп Әл-Фараби айтқандай, өтпелі кезеңнің жаманын жасырып, жақсысын асыру, жаман қылықтан жиреніп, жақсыдан үйрену өнер алды болса, Қазақ елі білек біріктіріп, иық тірестіріп өркениетке бет алғанына бір кісідей сенуміз керек.
Сенім – жеке адамдар мен қоғам арасындағы, қатынастың сапалық өлшем. Бұл әр қазақтың отбасында басталып, бала бақша, оқу орындарында жалғасын тапса, жаңа буын жастардың тірлігі адал еңбекпен өріліп, өмірі ажарланып, толағай табысқа бөленуі ұлы мақсатқа айналғанда ғана өмірдің алуан сынағынан өткен ардагерлердің жолын жалғастыру жастардың міндетіне айналады.
Барлығымыз ойландыратын сұрақтың бірі «Көк жүзіне жете алмаған адам, жер бетін басқара алмайды» деген қағидат.
Қасым-Жомарт Кемелұлы кемеңгер дипломат ретінде өркениетке жеткен елдердің даму тарихын жіте зерттеген ғалым. Қажеттісін пайданала білетін кәсіби маман. Адамдар арақатынасының дәнекері. Оның жыл сайынғы жолдауын Қазақстандықтар асыға күтетін болды. Биылғы жылы су тасқынынан зардеп шеккен өңірдің тұрғындары «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің Президентінен күш-қуат алатынын жасыра алмай шыдамдылық танытты.
Ел мен ел қатты заттай бір-біріне соғылса қолындағы бары құриды, ал көк аспандағы бұлт сияқты араласса дамиды. Ұлтымыздың өнегелі дәстүрімен асар салуды бүкілхалықтық шараға ұластырған қазақстандықтар бұл істі жасампаздықпен жалғастырды. Бүгін соның нәтижесін көріп, отырмыз. Кеше панасыз қалған жүздеген әулет ақшаңқай үйге кіріп қоныс тойын тойлауда. Адам ұрпағымен мың жасайды деген асыл ұғым аясында үмітін үкілеуде. Өйткені өмір көші кері жүрмейді, шегінер жолыңыз жоқ.
Немістің романист-жазушысы Фридрих Шиллердің мына бір сөзіне назар аударып көрелік. "Болашақ бертін қарай баяу жылжиды, өткен күн үнсіз мүлгиді, ал қазіргі күн құйындай ұйытқиды". Айтары жоқ, үш жүз алпыс бес күн аяқталмайынша келер жылдың келмейтіні анық. Көзді ашып жұмғанша ағымды жылдың аяқталғанын сезбей қаласың. Құйындай ұйытқыған қазіргі күннің жетістігіне желпініп жүріп, көп нәрсені аңғармай да қаласың. Бір күннің қызығын малдансаң, өткен күніңді мүлгітіп, келер күнге қамсыздық танытасың. Ал осы тірлігің бір ай емес, көпке созылса не болғаның? Бейқамдық танытып осы кеселден әлі де болса арыла алмай жүрген жандарға Ел Президентінің өткен жылдарғы жолдауы сияқты биылғы жолдауы да қандайда болмасын қиыншылықты еңсеруге серпін беретін, болашағын қамдауға әсер ететін ғылыми туынды.
Ертеңгі күнім не болар екен? Келелі істі неден бастауым керек? – деген заманауи сауалдар кімді де болса толғандырмай қоймайды. Айталық, жағдайы түзелген елде биліктің мүддесі мен мақсаты тоқайласа ма? Әлбетте. Мұң-мұқтажы көбейе ме? Сөз жоқ, көбейеді. Үкіметтің сан қырлы қызметіне сұраныс арта ма? Артады. Талап күшейе ме? Міндетті түрде. Биліктің идеологиялық-ұйымдастыру, әлеуметтік-экономикалық жұмысының пәрмені қай деңгейде? Қам-қаракеті уақыт талабына сай ма? Бұқара халықтың көңілінен шыға ма? – деген сұрақтардың ғасырдан-ғасырға көшіп келе жатқаны қоғамның дамуын айғақтайтын көрсеткіш. Жолдаумен мұқият танысқан адам соңғы бес жылда ауқымды реформалар негізінде саяси жүйенің түбегейлі өзгергенін аңғарады. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгеруіне байланысты Әділетті Қазақстан халықтың белсенділігімен нығаймақ.
Өмірде жеңілу бар, жеңу бар. Өмір – күрес, деген Фридрих Энгельстің анықтамасы бар. Шынтуайтқа келгенде, өмір толастамайтын қозғалыс, мәңгілік ұғымының негізі екенін Қасым-Жомарт Кемелұлы ашық айтып, өмірдің егеспен өтіп, егеспен ес кіретінін де жасырмады. Даналық дегеніміз осы.
Өмірдің өрі мен ылдиы, ақ пен қара, қуанышы мен өкінішін басынан кешкен қандастарымыз XIX-XX ғасырдың қазанында бұрқылдап, илеуінен өтті. Керуені көріктеніп, дастаны жадымызда жазылды. Жаманшылығынан бас тартып, жақсылығын жалғастыру жаңарған Қазақстанның басты мақсаты болса, отандастарымыздың өздеріне жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен атқарып, үлкен абыройға ие болып отыр. Олай болса, өткенді мінеген қандай, өскен ортасы мен кешегісін қанағат тұтқан қандай? Қанағат ете білген адам ғана баянды болашағы үшін еңбектенеді. Яки, шешімі күрмеулі мәселенің көзін ашып, ырзығын көру өз қолында. Солай болған, солай бола бермек. Өмірдің мәні де осында. Түйсікті жанға, әрине.
Не жаңарды, барлығы қаз қалпында деп алдынан шыққан оң өзгерісті аңғарғысы келмейтіндер бұрында болған, қазір де баршылық. Көзін шел басқандардың тірлігі бұл. Не дерсің мұндайда? Біреудің бойлап өсуіне ыңғайлана қабылданған қаулы-қарар мен құжаттар өзгертіліп, көптің қаулап өсуіне жол ашар заңдар жаппай қабылдануда. «Жүмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады дегендей, «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» атты қағида үстемдік алмақ. Заң мен тәртіп сақшы болмақ. Шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлер бұрынғыдай іріжөнсіз тексерулерден құтылып тірлігін алаңсыз атқаруда. Бұл еліміздің саяси жүйесінің түбегейлі өзгеріп, халықтың құқықтың мәдениетінің артқанын ағақтай түседі.
Ұлы мемлекет ұранмен құрылмайды, ұлы іспен құрылады десек, сол елдік шаруаның бел ортасында аға буын өкілдерінің өмір жолын жас ұрпаққа ұғындыра алсақ, өнер алды сол болса керекті. Адалдық, әділдік, еңбексүйгіштік ұғымы күн тәртібінен түсіп, қоғам назарынан тыс қалған емес. Бүгінде бұл тақырып өзекті мәселеге айналды. Еңбек адамы әлбетте әділдікті аңсайды. Арманның үлкені – елдің тыныштығы, жұрттың амандығы. Бұл жағынан жолы болған, бағы жанған елміз. Адал табыстың құндылығына келгенде кібіртіктеп қалдық па деймін. Интернет жүйесіндегі дерекке сенсек, бүгінгі күнде елімізде бай деген атаққа лайықты жандар баршылық екен. Солардың саны мыңға, он мыңға, тіпті, жүз мыңға жетсе екен. Еліміздің ірі қалалардағы сауда, құрылыс, өнеркісіп орындарымен қатар туған жерінде кетпен, күрек ұстаған диқаншылар, құрық ұстап мал соңында жүрген шаруалар абадан атануға талпынса, оның несі айып? Дала жайқалып, ауылды мекендер құлпырып, азық-түлік қорын молынан шешу шарасы жүйелі жолға қойылмай жетілдік, жетістік дегеніміз бекер сөз.
2023 жылы басталған «Ауыл аманаты» жобасы халықтың көкейкесті мәселенің бірі болса, бүгінде ырзығын ел көріп отыр. Әлемді жайлап келе жатқан азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алып, бетін қайтаруда ауыл еңбеккерлері өзіндік сүбелі үлесін қосатынына сенім нық. Мұның сыртында мектеп, балабақша, денсаулық сақтау орталығы, тұрғын үй салу, елді жол азабынан айыру, таза ауыз су және елді мекендерге табиғи газ отынын жеткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатқанына куәгер болып отырмыз. Істің ақиқаты осы.
Орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин: «Естіліктің тағылықтан айырмашылығы – өткен шаққа құрметпен қарай білетінінде» десе,Үнді елінің адал перзенті Махатма Ганди: «Мұхит айдына шыққан адам, асау толқыннан қорықпауы керек, қорықса кемесіндегі тесіктен қорқуы керек депті. Астарлы сөздің құндылығы бүгін де еселеп арта түскендей.
«Ұлың өссе қосын құрасың», «Қызың өссе ел құрасың» деген ата дәстүрімізге сай жастардың белін буып, жолын ашу қажетттілігі алдыңғы шепке шықты. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарды жылы деп жариялауымен техникалық және кәсіби білім беру жүйесі жолға қойылып, еңбекқор және нағыз маман болу идеясы түбегейлі шешілмек. Бұл бағытта қолға алынбақ реформаның көздегені экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру жолындағы құтты қадам. Мұның сыртында елімізде жұмыс жүргізе бастаған 23 шетелдік жоғары оқу орнына және заман талабына сай келетін өз оқу орындарымыз қолдауға ие болатын болды. Олай болса ұлттымыздың зияткерлік қуаты ұстаздарға жүктеліп отырған жауапкершіліктің орны тіпті бөлек. Олар білімді ұрпақ тәрбилеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады дегені замана талабына сай.
Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру деген Президнт «Дегенмен арқаны кеңге салуға болмйды. Әлі де атқаратын шаруа көп» тұжырымы барша қазақстандықтарды жігерлендіреді. Қазақстан республикасының қауіпсіз, жайлы ел болатынына сенім білдірген отандастармыз «Таза Қазақстан» акциясына жаппай атсалысуда. Туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық дегеніміз осы. Бұл бастама аула тазалығынан, ауыл аймағынан асып сана тазалығына ұласса деген көпшіліктің тілегі ұлт аманатымен ұштасады. «Елге қызмет ету – абыройлы міндет» деген тұжырым халықтың талғам-талабымен үндеседі. Түсінудің құдіреті осында. Жеңіс дегеніміз де осы.
Қазақ қоғамының бүгінгі мақсаты – арнасынан қия баспай, табын ақы маңдай терімен өмірде орнын тапқан ұлт тұлғалары мен еңбек ардагерлерінің тәлімді өмір жолы бүгінгі жастарға үлгі боларлық па деген заманның өзекті сұрағына жауап беру. Бұл бір.
Екінші. Әлеуметтік желіде желпініп қалуға құмар азаматтардың, болмаса алаулату, жалаулату тәсіліне еліктеушілердің өтемі өтелмейтін әрекетінен гөрі елі үшін еңбек етіп, асыл мұратына жеткен аға ұрпақ пен өркениетке бет бұрған жастардың таза жол, таза ынта, таза тер, таза білім, жақсы мінез, жақсылық ісімен ғана ел тірлігі мен бірлігінің түлейтінін дәлелдеу.
Үшінші. Қазақ Елі Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сындарлы саясатына, жасампаз реформасына күмәндана қарайтын жандардың күдігін сейілтіп, елге қызмет ету – абыройлы міндет екенін жіті түсінген жерлестерімізді ізгілікке жұмылдырып, ел болып шығар шыңымыз жарқын болашаққа ұмтылу.
Ел ертеңіне, ұрпақ тәрбиесіне алаңдар көпшілік көңілінен шыққан Президент жолдауынан кейінгі отандастарымыздың бағалы бастамаларының баянды да аянды болуына атсалысар азаматтарымыздың қатары молыға түскей!
Бибігүл ҚЫЛЫШБАЕВА әлеум.ғ.д., ҚазҰУ-дың әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті
Басқа жаңалықтар


