АҚПАРАТ ХАТ

26 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті университеттің құрылғанына  90 жылдығына және шығыстану факультетінің құрылғанына 35 жыл толуына орай 2024 ж. 13-қараша күні  «Дербісәлі оқулары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отыр. Конференцияның мақсаты:

  • Қазақстанда шығыстану ғылымы мен білімінің негізін салушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлінің шығармашылық мұрасын оқып-зерттеу, ғылыми-академиялық ортада кеңінен таралуын насихаттау, әр түрлі жанрдағы еңбектерінің тақырыбын, әдістерін анықтау, болашақта зерттелу перспективасын айқындау;
  • шығыстанушы мамандардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету,  шығыс елдерінің тілі мен мәдениетін және тарихи, әлеуметтік, саяси үдерістерді зерттеудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми пікірталастар өткізу;
  • жас ғалымдарды шығыстану ғылымының дәстүрлі және заманауи зерттеу проблемаларымен таныстыру, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың ауқымдылығын анықтауға баулу.

Конференция барысында қозғалатын зерттеулердің тақырыптары:

  • Академик Әбсаттар Дербісәлінің ғылыми мұрасы: филология, деректану, исламтану саласындағы еңбектерінің тақырыптары, әдіснамасы;
  • Академик Әбсаттар Дербісәлінің мемлекет  және қоғам қайраткері ретіндегі қызметі, тәуелсіз қазақ еліне ғалым, оқытушы, дипломат шығыстанушы мамандар дайындаудағы іс-тәжірибесі;
  • Шығыс елдерінің тілі мен мәдениетін және жазба ескерткіштерін зерттеудің өзекті проблемалары;
  • Шығыс елдерінің тарихы мен саясаты, философиясы мен руханиятының дәстүрлі және қазіргі заманғы проблемалары.

 

Конференцияның өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат.

 

Конференцияға шығыс елдері мен қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары, отандық және шетелдік профессор-оқытушы мамандар, жас шығыстанушы зерттеушілер қатысады деп жоспарлануда.   

Шығыс елдерін зерттеуші ғалымдарды, жас зерттеушілерді конференция жұмысына қатысуға шақырамыз және мақалалардың мәтінін 23.10.2024 ж. дейін жіберуді сұраймыз.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.   

Мақалаларды рәсімдеу кезінде төмендегі талаптарды ұстану қажет: электрондық нұсқада басылған мәтіннің көлемі 10-12 бетке дейін. Қарпі – Times New Roman, кегль – 14; жоларалық интервал – 1; енінен туралау; абзацтық шегінісі – 1 см; парақ бағдары – кітаби, жоғарғы және төменгі өріс – 2,0, сол – 3,0 және оң өрісі – 1.

Мақала атауын рәсімдеу (бас әріппен, қалың қаріппен, ортасы бойынша туралау) МАҚАЛАНЫҢ АТЫ (қазақ, орыс, ағылшын,); келесі жолда (қарпі – қалың курсив, оң жаққа туралау) – толық А.Ж.Ә.; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі, қызмет орны, қаласы; келесі жолда (қарпі – курсив, оң жаққа туралау) – байланыс E-mail-ы; бір жолдан кейін – мақаланың мәтіні. Әдебиет тізіміндегі сәйкес дереккөзге мәтіндегі сілтемелерді шаршы жақшаға алынған араб цифрларымен рәсімдеген жөн, мәселен, [1, 277-бет]. Әр беттік автоматты сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді.

Баяндама соңында түйін жасалады: баяндама қазақ тілінде жазылған жағдайда – орыс және ағылшын тілдерінде; баяндама орыс тілінде жазылса  – қазақ және ағылшын тілдерінде; баяндама ағылшын тілінде жазылған жағдайда түйін қазақ және орыс тілдерінде болу керек.

Қолжазбаға тегі, аты-жөні, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны мен қызметі, қаласы, елі, сондай-ақ, электрондық мекенжайлары мен байланыс телефондары көрсетілген авторлар туралы мәліметтер қоса тіркеледі.

Ұйымдастыру ұжымы мәлімделген тақырыптама мен рәсімдеуге қойылған талаптарға сай емес баяндамаларды қабылдамау құқығын өзінде қалдырады.

Өтінімдер мен мақаланы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті (Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А) қабылдайды, e-mail: zhumafarid@gmail.com

Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар:

Алипова Сая Болатханқызы, Шығыстану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары (тел: +7 (727) 3773333, ішкі: 3030)

Жумажанова Фарида Тоқанқызы, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары (тел: + 77073198516)

 

Қосымша

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

Ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы

 

Мекеме атауы, лауазымы

 

Мекен-жайы (индекс көрсету міндетті)

 

Телефон                 (халықаралық                    байланыс кодымен)

 

E-maіІ (міндетті)

 

Мақала тақырыбы

 

Секция

 

Керекті техникалық құралдар