Болашақтың қамы

20 қазан, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса назар аударды.

Жолдаудағы ең басты мәселелердің бірі – атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанда өткізуді ұсынуы.

Семей полигонының орасан зор зардабын тартқан біздің ел үшін «атом» сөзінің өзі үрей тудыратыны рас. Бірақ Президенттің «...экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр» деген нақтылы дәйектерінен кейін өзімізден өндірілетін уран шикізатын пайдаланып, арзан энергия көзін өндіру тиімді екеніне көз жеткізуге болады. Тек оның қауіпсіз болуы үшін бұл салада биік мақсаттарға қол жеткізген АҚШ, Жапония сияқты елдердің мамандарын тарту арқылы АЭС салынып жатса, бұл болашақтың қамын жеуден туған перспективалық озық іс болар еді.

Мемлекет басшысының нақты шешімін табатын ақша-несие саясаты, бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жақсартуға, еліміздің өнеркәсіп саласын толық пайдалануға қатысты, кадрлық әлеуетті арттыруға, ұлт саулығын нығайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға, заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруға орай айтылған ойларының бәрін де қуаттаймын. Осының бәрі тек сөз жүзінде қалып қоймай, жүзеге асып жатса, еліміз өркендей беретініне сенім мол.

Бауыржан ЖАҚЫП,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі