- Басты бет
- Жаңалықтар
- ГАЖ-ді қолдану тәжірибесі: рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері технологияларды нақты мысалдарда зерттеді
ГАЖ-ді қолдану тәжірибесі: рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттері технологияларды нақты мысалдарда зерттеді
2024 жылғы 27 қыркүйекте «6B11101 – Туризм» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері ITBG 4311 «Қонақ үй бизнесіндегі ақпараттық технологиялар» пәні бойынша аудиториядан тыс сабаққа қатысты. Сабақтың тақырыбы – «Туризмдегі геоақпараттық жүйелер», және ол силлабусқа сәйкес Инженерлік және ғылымды қажет ететін технологиялар кластері бас директорының орынбасары Таукебаев О.Ж. қолдауымен өтті. Сабақты рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы Елдар Нұрұлы ұйымдастырды.
Сабақ Инженерлік және ғылымды қажет ететін технологиялар кластеріне кіретін Жерді қашықтықтан зондтау ғылыми-білім беру орталығында (ЖҚЗО) өтті. Сабақ барысында студенттер ЖҚЗО қызметімен ғана танысып қоймай, сол ғимаратта орналасқан шағын ғарыштық аппараттарды әзірлеу зертханасы мен конструкторлық бюроға да барды.
ЖҚЗО қызметкерлері студенттерге бағдарламалауға негізделген интерактивті карталар жасау бойынша мастер-класс өткізді, аяқталған жобалар мен зерттеулерді, соның ішінде туризм саласындағы, рекреациялық география және туризм кафедрасымен бірлесіп әзірленген жұмыстарды көрсетті. Бұл студенттерге туризмдегі өзекті мәселелерді шешуде геоақпараттық жүйелерді қолданудың нақты мысалдарын көруге мүмкіндік берді.
Шағын ғарыштық аппараттарды әзірлеу зертханасы студенттерге Аl-Farabi-1 және Аl-Farabi-2 наноспутниктерін әзірлеу жетістіктерін көрсетті, бұл ғылым мен жоғары технологиялардың синергиясының жарқын мысалы болды.
Бұл сапар студенттердің туризм саласында қолданылатын заманауи ақпараттық технологиялар туралы білімдерін кеңейтуге көмектесті. Геоақпараттық жүйелерді нақты жағдайда практикалық қолдану студенттерге теориялық дағдыларын бекітіп, олардың туризм саласында қолдану перспективаларын көруге мүмкіндік берді.
Геоақпараттық жүйелер мен Жерді қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), әсіресе, №13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» және №15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсаттарына жетуге ықпал етеді. Студенттерге ұсынылған технологиялар қоршаған ортаны бақылауға, табиғи ресурстарды талдауға және жердің деградациясы процестерінің алдын алуға бағытталған. Бұл жүйелер климаттың өзгеруінің әсерін бағалауға және табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға қатысты шаралар қабылдауға көмектеседі, осылайша туристік аумақтарды тұрақты дамытуға және экожүйелерді сақтауға үлес қосады.
Мұндай сабақтардың өткізілуі студенттердің кәсіби дамуына және еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал ететін терең және қолданбалы білімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.