«Жаңа оқу жылындағы тәртіп, білім, университет талаптары».Farabi University

«Жаңа оқу жылындағы тәртіп, білім, университет талаптары».

23 қыркүйек, 2024

      Қыркүйек айының 23 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 4 курс студенттерімен жаңа оқу жылындағы тәртіп, үлгерім жайында жиналыс өтті. Студенттерді жаңа оқу жылына қарсы алып, оқу жүйесі, оқу барысындағы тәртіп айтылды. Студенттерден орналасуы мен қажеттіліктері туралы сұралды.

      Университеттің корпоративті мәдениеті бойынша нормативті-құқықты құжаттарымен және дәстүрлерімен, яғни  «ҚазҰУ студентінің Ар-намыс кодексі», «ҚазҰУ студенті туралы ереже», «ҚазҰУ оқытушысы туралы ереже», «ҚазҰУ оқытушысы мен қызметкерлерінің корпоративті мәдениет кодексі»  түсіндірілді.

      Ар-намыс кодексі 13 баптан және 10 беттен, қазақ және орыс тілінен  тұрады, студенттер ҚазҰУ ата заңнан бастап ішкі тәртіп пен имиджді сақтауды білу керек. Геодезия және картография студенттері өз құқығы мен міндеттерін толық біледі.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу үрдісінің негізгі қағидасы академиялық адалдық болып табылады.

      Академиялық адалдық – бұл университет қоғамдастығының әрбір мүшесінің мінез-құлқын анықтайтын, алдау мен плагиаттан аулақ болу, академиялық стандарттарға шынайы болу, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдардағы адалдық пен қағидаттылық сияқты принциптерді қамтитын моральдық-адамгершілік нормалардың, қағидаттар мен құндылықтардың жиынтығы.

      Академиялық адалдық – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру үрдісіндегі негізгі құндылық. Академиялық адалдықтың 5 қағидалары мен бұзушылықтың 9 түрі аталды.

      Өтілген кураторлық сағаттың соңында аталған құжатпен танысқандарын растап, тиісті тізімге студенттер өз қолдарын қойды.