ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІМЕН ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒЫТЫ
2024 жылдың 2 қазанында шығыстану факультетінде Қорғаныс министрлігінің өкілдермен кездесу өтті. Кездесу нәтижесінде шығыс тілдерін білетін қауіпсіздік және дипломатия саласындағы мамандарды бірлесіп даярлау туралы келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде факультет студенттері қатарына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының шығыс тілдері – парсы және урду тілдерін оқитын төрт курсант қабылданды. Оқу жылының соңында оларға өткен курстардың тізімі көрсетілген транскриптер беріледі. Болашақта осылайша азаматтық және әскери оқу орындарының ынтымақтастығы өз жалғасын табады. Қазақстанның Шығыстың стратегиялық маңызды мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас тарихы шығыстану факультетінде жазылуда деп айтуға болады.
Басқа жаңалықтар

