Ғылыми жобалар шетел ғалымдарымен талқыланды
Университет өзекті және сұранысқа ие ғылыми жұмыстарды жүргізу үшін жоғары ғылыми кадрлық әлеуетке және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базаға ие. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы бағыты ғылыми жетістіктер мен озық технологияларға, сондай-ақ олардың талдау жүйесіне негізделген. Бұл университетті халықаралық ғылыми қоғамдастықта бәсекеге қабілетті етеді және жаңа инновациялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылым мен білімнің қара шаңырағы болып табылады. Бұл университет еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі ретінде, сапалы білім мен ғылыми зерттеулердің орталығы ретінде белгілі. Мұнда студенттер мен жас мамандар білікті мамандардан тәлім алып, өз білімдерін дамытуға және ғылымға үлес қосуға мүмкіндік алады.
Химия және химиялық технология факультетінің кафедраларының әрқайсысында үкіметтің тікелей қаржыландыруымен ғылыми-зерттеу зертханаларының қызмет жасап және іргелі әрі қолданбалы ғылым саласы бойынша көптеген ғылыми жобалар іс жүзіне асып жатыр.
Көптеген ғылыми ұстаздардың ғылыми мектебі қарқынды дамыған. Бұл ғылыми мектептердің әрқайсысы жылына бірнеше жас ғалымның ғылым жолында еңбек жасап ғылыми жобаларын қорғап факультеттің ғылыми кадрларын даярлануына әсері мол.
Факультетте апта сайын ғылыми семинарлар өтіп, әр магистрант, докторант немесе тағылымдамадан өтушілер белгіленген жоспар бойынша өзінің алған нәтижелерін баяндап, ашық талқыға салады. Қатысушылар сұрақ қойып, орындалып жатқан ғылыми жұмыстың артықшылығы мен кемшілігіне көп көңіл бөлінеді.
ҚазҰУ ғалымдары қазақстандық химия ғылымының негізін қалыптастыруға және оны одан әрі дамытуға жастарды ғылымға баулуға зор үлес қосуда. Соңғы кезде орталық ғалымдарының мақалалары әлемдік деңгейде үлкен беделге ие журналдарда көптеп жариялануда.
Жас ғалымдар жан жақты даму үшін факультетте шетелден ғалымдар шақыртып дәрістер тыңдалады.
Соның бірі жалпы және бейорганикалық химия кафедра меңгерушісі проф. Уралбеков Б.М. ұйымдастырумен болған ғылыми семинарда Термез университетінен (Ташкент) келген профессорлардың оқыған лекцияларын атап айтуға болады. Семинар «Тұрақты даму мақсаты» ҰБҰ №17 — «Мақсатқа жету үшін серіктестік» жобасы аясында жүргізілді.
Ғылыми семинарда профессор Х.Х. Тураев «Координационные соединение благородных металлов с серу-, фосфорсодержащими лигандами и их экстракционно-сорбционное выделение» және профессор Ш. А. Касимов «Металлокомплексы некоторых d-металлов с N, P, S-содержащими иммобилизованными лигандами: синтез, структура и свойства» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамаға қызығушылық туып жан жақтан сұрақтар қойылды. Семинарда ғылыми зерттеулер, инновациялық технологиялар және тұрақты даму мәселелері талқыланды. Ғалымдар мен зерттеушілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар мен шешімдер ұсынды. Бұл іс-шараның білім мен ғылымды қарқынды дамытуға қосатын үлесі зор болмақ.
Бейқұт Балғышева
химия және химиялық технология факультеті
жалпы және бейорганикалық химия
кафедрасының доценті,
химия ғылымының докторы