Шетелде оқып жүрген шығыстану факультетінің студенттері АЭС бойынша референдумда жоғары белсенділік таныттыFarabi University

Шетелде оқып жүрген шығыстану факультетінің студенттері АЭС бойынша референдумда жоғары белсенділік танытты

7 қазан, 2024

2024 жылғы 6 қазанда біздің елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтті. Бұл мәндес референдум біздің елімізде және бүкіл Орталық Азияда бірінші рет өтіп отыр. Аталмыш референдумда шет елдердің жоғары оқу орындарында оқып жүрген шығыстану факультетінің студенттері де дауыс беріп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Дауыс бергендердің қатарында Оңтүстік-Орталық ұлттар университетінде оқып жүрген (ҚХР) студенттері Сәрсенбаева Бекзада, Нарегеева Аделия, Солтүстік-батыс саясаттану және құқық университетінде оқып жүрген (ҚХР) Мақсұтбекова Балым, Алиева Айнель, Цзинин политехникалық институтында оқып жүрген (ҚХР) Нұрланқызы Нұрсая, Высоцкий Олег, Ерғалиев Иса, Жүніс Даниал, Сиань көлік университетінде оқып жүрген (ҚХР) Байбатырова Ұлжан, Тагатова Аружан, Қамбар Аяулым және т. б. қатысып, дауыс берді. Референдумға Жапонияда оқып жүрген Бекболат Мирас (Токио шет тілдер университеті) және Капенова Дария, Әлімқызы Гүлдана, Бұрұмбаев Темірлан, Сағымбеков Әбен (София университеті) өз азаматтық ұстанымдарын паш етті. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин бұл референдум еліміздің болашағын айқындау тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ ТМД және Орталық Азия кеңістігінде Қазақстан бұл тәріздес референдум өткізіп отырған бірінші ел екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұған дейін ҚР СІМ өкілі Роман Василенко 59 шет мемлекетте аталмыш референдум бойынша 74 учаскелік комиссия құрылғанын айтты. Осы учаскелерде біздің 13 307 отандасымыз АЭС бойынша дауыс беруге құқығы болды.

Дәулет Ф.Н.