Тәлімгерлер кеңесінің отырысыFarabi University

Тәлімгерлер кеңесінің отырысы

20 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №17. Тұрақты даму үшін серіктестік

Бүгін Агенттік Төрағасымен бекітіліген Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Тәлімгерлер кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірбиесі бар мемлекеттік қызмет ардагерлері, Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері М. Қасымов, С. Сейдуманов, Б. Б. Камалов, дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Б.А. Жапаров, сондай ақ Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Қабдол қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарына алғаш рет басшылық қызметіне тағайындалған мемлекеттік қызметшілермен, сондай-ақ Алматы қаласының Өңірлік кадр резервіне іріктелген жеңімпаздармен кездестік.

Жауапты дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Б.А. Жапаров