ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗҰУ «ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК» ТДМ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Шығыстану факультеті тұрақты даму бағдарламасы аясында ғылыми қауымдастыққа құнды білімді таратуды жалғастыруда. Осыған орай, 2024 жылғы 08 қазанда ZOOM платформасында ғылыми онлайн-семинар өткізілді, бас спикер ретінде филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Ермұратқызы Надирова сөз сөйледі. Қазіргі қоғамдағы гендерлік саясат мәселелерін талқылау үшін «Гендерлік теңдік және Шығыс елдері» тақырыбы таңдалды.
Бұл семинардың басты мақсаты өркендеуші және тұрақты әлем үшін қажетті гендерлік теңдіктің өзекті мәселелерін талқылау болып табылды.
Өз сөзінде ф.ғ.д., профессор Г.Е. Надирова Шығыс елдеріндегі гендерлік теңдік тақырыбын толықтай ашып, мемлекеттік жүйенің алдында тұрған ағымдағы сын-қатерлерді, сондай-ақ әрбір азаматтың осы мәселені қолдауға ат салысуда алатын орыны ерекше екенін баяндады. Сонымен қатар, спикер 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының маңыздылығын атап өтіп, декларацияда баяндалған нәсіліне, дініне немесе басқа да өзгешеліктеріне қарамастан әр адам өзінің барлық құқықтарын білуі қажет екендігіне назар аударды. Мысал ретінде спикер біздің еліміз тұрақты даму мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікке қол жеткізу және әртүрлі этностардың құқықтары мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп күш жұмсағанын атап өтті.
Ғылыми семинар жұмысына факультеттің студенттері, магистранттары, докторанттары мен ПОҚ қатысты. Онлайн кездесуге қатысушылар спикерге қызықты сұрақтар қойып, қазіргі қоғамдағы гендерлік саясат туралы қызу талқылау жасады. Семинар соңында барлық қатысушылар аталмыш тақырыптың өзектілігін атап өтіп, спикер ф.ғ.д., профессор Г.Е. Надироваға баяндамасы үшін алғыстарын білдірді.
Жалпы, ғылыми семинардың жұмысы жас ғалымдар мен гендерлік теңдік жөніндегі сарапшыларды қызықты пікірталасқа тарта отырып, әртүрлі терең ойлармен бөліскен ғылыми алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар

