ТДМ-4 ЮНЕСКО кафедрасының студенттері «Тойы көп үй» атты қойылымға бардыFarabi University

ТДМ-4 ЮНЕСКО кафедрасының студенттері «Тойы көп үй» атты қойылымға барды

2 қазан, 2024

2024 жылдың 2-қазан күні ЮНЕСКО-ның журналистика мен коммуникация кафедрасының 1-3 курс студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына «Тойы көп үй» атты қойылымға барды. Баққожа Мұқайдың күні кеше ғана тұсауы кесілген «Тойы көп үй» пьесасы Ахмановтың шеберлігін танытқан кезекті туындылардың бірі болды. Студенттер қойылымды қызыға  тамашалап, жақсы көңіл-күймен тарады.