ҚазҰУ- мүмкіндіктер мекеніFarabi University

ҚазҰУ- мүмкіндіктер мекені

24 қыркүйек, 2024

       2024 жылдың 24 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы "Мұнайхимия және химмотология" мамандығы бойынша 1 курс бакалавриат студенттеріне арнап кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен  Клод Бернар Лион-1 (Франция) университетінің арасындағы қосдипломдық білім беру бағдарламасы шеңберінде "Абай-Верн" шәкіртақысы негізінде оқыған түлектер Классен Иван және Жамантай Нәдір қатысты. Студенттер түлектердің халықаралық деңгейде білім алу  және тәжірибе алмасу барысындағы ерекшеліктермен, қиыншылықтар жөнінде және  екі ел арасындағы жоғары білім беру бағдарламаларына салыстырмалы талдаулар негізінде жан-жақты баяндап берді. Сонымен бірге шетелдік зертханаларда жұмыс жасау, ғылыми зерттеулер жүргізу және болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы құнды ақпарат берілді. Іс-шара №4 - Сапалы білім беру ТДМ-на сәйкес жасалды.

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценттері Тоштай Қ., Құдайбергенов Н.Ж.