- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сақтардың зергерлік өнері: Жапсырмалар мен микромоншақтар арқылы қоғамның көрінісі
Сақтардың зергерлік өнері: Жапсырмалар мен микромоншақтар арқылы қоғамның көрінісі
Тұрақты дамудың №4 мақсаты «Сапалы білім» аясында «Сақтардың зергерлік өнері: Жапсырмалар мен микромоншақтар арқылы қоғамның көрінісі» тақырыбында дәріс өтті.
Кембридж университетінің PhD студенті Салтанат Амир әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасында "Сақтардың зергерлік өнері: Жапсырмалар мен микромоншақтар негізінде қоғамның көрінісі" тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Дәріске тек студенттер, магистранттар және докторанттар ғана емес, сонымен қатар кафедраның ғылыми қызметкерлері де қатысты. Бұл іс-шара жоғары деңгейдегі қызығушылық тудырды, себебі Салтанат Амир сақ мәдениетінің зергерлік өнерінің тек эстетикалық ғана емес, қоғамның әлеуметтік құрылымын бейнелейтінін атап өтті.
Дәріс барысында ол сақтардың зергерлік бұйымдарының тек әсемдікке арналмағанын, сонымен қатар олардың қоғамдағы мәртебе мен биліктің маңызды көрсеткіші болғанын атап өтті. Әсіресе, алтын бұйымдар көшпелі қоғамда үлкен рөл ойнаған. Олар аса жоғары дәлдікпен жасалып, әрбір деталь сақ шеберлерінің техникалық біліктілігін көрсеткен. Бұл жәдігерлердің жасалу технологиялары мен қолданылған материалдардың химиялық құрамы бүгінгі күнге дейін зерттелуде.
Зергерлік бұйымдардағы микромоншақтар мен жапсырмалар сақ дәуірінің мәдени және әлеуметтік құрылымының ерекше элементтері ретінде қарастырылды. Олар көшпелілердің тұрмыс-салты, рухани дүниетанымы және шеберлік деңгейі туралы мол ақпарат береді. Салтанат Амир дәріс барысында осы артефактілердің жасалуындағы ғылыми және тарихи аспектілерге терең талдау жасады.
Бұл дәріс отандық және шетелдік археология саласында жаңа зерттеулерге тың серпін береді деп күтілуде. Алтынмен жұмыс істеу мәдениеті көшпелі халықтар үшін ерекше маңызға ие болғандықтан, сақ дәуірінің зергерлік бұйымдарын зерттеу тек тарихи маңыздылыққа ие ғана емес, сонымен қатар болашақ археологиялық ізденістерге жаңа жол ашады.