Ғабит Мүсірепов атындағы театрға бару

«Тұрақты қала мен елді мекен» Тұрақты даму мақсаттарына орай, қаламыздағы мәдени орындармен толықтай таныстыру мақсатында 2024 жылы 3 қазан күні дене шынықтыру және спорт кафедрасының куратор-эдвайзерлері мен студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы театрының «Әпке» драмасын тамшалап қайтты.
«ӘПКЕ» драмасы – қоғамның, адам санасының өзгерісін, оның ұлттық құндылықтарға тигізіп жатқан ықпалын ашып көрсетті. Бір отбасындағы ағалы-қарындастың ара-қатынасы арқылы бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерін көтеретін, режиссер М.Хабибуллиннің қойылымы жалпы қоғам болмысын, адами парыз бен борышты ұғындырып қана қоймай, көрерменнің, әсіресе, жастардың сана-сезімін сілкіп, терең ой қорытуға итермелейтін сахналық туындысы.
Шынайы оқиғаларға негізделген шығарма студенттердің осы мәселеге деген қызығушылығын оятып, олардың бойында жақсы әсер етті. Студенттер алған әсерлеріне қуанып, осындай жерлерге баруға ниеттерін білдірді. Студенттерді үнемі театрға тарту олардың мәдени болмысын дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Басқа жаңалықтар


