Лайықты еңбек және экономикалық өсу: Ақпараттың алтын көпірі – кітапханашы.
Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №17. Тұрақты даму үшін серіктестік
2024 жылдың 21 қазан күні «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Б.С. Асанова, оқытушылар Г.М. Абикова, М.А. Ходжабай және «7М03206-Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының 1,2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарына арналған "Лайықты еңбек және экономикалық өсу: Ақпараттың алтын көпірі – кітапханашы" тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
14 қарашада 2006 жылы ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007-2024 жыл арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Бұл қабылданған концепция теңсіздіктер мен сәйкестікті жоюға арналған құжат болып саналады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: кедейлікті жою, аштықты жою, жақсы денсаулық және әл-ауқат, сапалы білім беру, таза су және санитария, қымбат емес және таза энергия, лайықты жұмыс және экономикалық өсу.
Мақсаты: Қоғамды ақпараттандыру және цифрландыру жағдайындағы кәсіби кітапханашы мамандығына деген сұраныстың артуын және мамандықтың заманауи келбетін қалыптастыру тұрғысындағы кітапхананың алатын рөлін айқындау.
Өткізілген дөңгелек үстел аясында кафедраның аға оқытушысылары: Б.С. Асанова, Г.М. Абикова, М.А. Ходжабай Тұрақты даму мақсаттарының қалыптасуы мен даму тарихын баяндап, әлемге қандай өзгеріс алып келетінін және кітапхана мамандарының қосар үлесі жайлы кеңінен түсіндіріп, А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана жетекшісі Құрамысова Толқын Алижанқызы, ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет Комитетінің республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының «кітап қорын сақтау және абонемент бөлімінің кітапханашысы» Сәтбай Гүлсая Ғанибекқызы «кітапхана ісін дамыту, библиография және тифлология бөлімінің әдіскері» Абдурахманова Жадыра Ілиясқызы кітапханалардың қазіргі таңдағы сұранысқа ие болуы, атқарып жатқан мамандықтарының барысын, кітапханашы мамандығының имиджі мен заманауи қызмет көрсету үлгісін, кітапханалардың қымет көрсету ерекшеліктерін және жетістіктерін, туындап жатқан мәселелер талқыланды. «Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының 1-2 курс магистранттары Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда Қазақстан кітапханаларымен, ондағы кітапханашылар мен библиограф мамандардың қосып жатқан үлесін қамтыған презентацияларымен таныстырды.
Дөңгелек үстел барысында кафедраның оқытушылары, шақырылған мамандар «Кітапханалық ақпарттық жүйелер» мамандығының 1-2 курс студенттерінің қойған сауалдарына өз ой-пікірлермен бөлісіп, қызу талқылау жүргізді.
Жауапты Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Б.С. Асанова, оқытушылар Г.М. Абикова, М. Ходжабай