Орны бөлек оқу ордасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі ең беделді жоғары оқу орындарының ең беделдісі әрі бірегейі.
ҚазҰУ– Қазақстан ЖОО басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты.
Университет құрамында 14 факультет, 98 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 18 мыңнан астам білімгерлер мен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда.
Қазақстанның 14 университеті дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары рейтингіне енді. Рейтинг академиялық репутация (өз саласындағы еңбегімен әлем назарын аударған ғалымдар саны), жұмыс берушілер сұранысы (түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші), студенттер саны (топтағы білім алуға оңтайлы студенттер саны), интернетке қолжетімділік, PhD қызметкерлері саны, сілтемелер жиілігі (ғылыми еңбектеріне әлемде жасалған сілтемелер) сияқты тоғыз фактор бойынша жасақталады. Бұл тізімді британдық Quacquarelli Symonds компаниясы жасайды.
Тізімге барлығы 22 елден 150 ЖОО кірген. Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында алғашқы үштікте Қазақ ұлттық университеті 21-орынға ие болып, алға шықты.
– Енді білім беру бағдарламаларының EUR-ACE сапасымен оқыған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері «Еуропалық Инженер» кәсіби атағын алып, еуропалық инженерлер регистріне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл сөзсіз мамандардың қоғамдағы орнын айқындап, жұмысқа орналасу кезінде таңдаудың артуына септігін тигізеді, – дейді ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректоры Дархан Ахмет-Заки.
Бұдан бұрын білім беру бағдарламаларын жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында ҚазҰУ басқаратын ЖОО Консорциумы ENAEE бірлестігімен келісімге қол қойған болатын. Ол EUR-ACE сапа белгісін ала отырып, инженерлік және жаратылыстану бағытындағы білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға және инженерлік аккредитацияланған бағдарламаларының жалпы еуропалық регистріне енуге бағытталған.
Маржан ЖҰМАБЕК, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің 1-курс студенті
http://aikyn.kz/ru/articles/show/16691-orny_b_lek_o_u_ordasy