АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТFarabi University

АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

30 қыркүйек, 2024

2024 жылы 30 қыркүйекте ТДМ-7 аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультетінің 110-топ 1 курс студенттерінің және осы топтың эдвайзері Бакиров Д.А. қатысуымен Қазақстандағы АЭС салу мәселесіне қатысты кураторлық сағат өткізілді. 
Студенттерге АЭС туралы, әлемдегі дамыған елдердегі АЭС-ның  қызмет ету тәжірибесі, олардың артықшылықтары мен экономикаға әсері туралы ақпарат жеткізілді. Студенттер АЭС-тің энергия өндіретін күрделі құрылым екендігіне тоқталып, оның жағымды және жағымсыз тұстарын талдап, оның кез келген мемлекеттегі энергия тапшылығын қамтамасыз етудегі маңызы артып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу соңында жастар 2024 жылы 6 қазанда өткізілетін АЭС салуға қатысты республикалық референдумге барлық азаматтардың белсенді қатысып, өз пікірін білдіруі еліміздегі жалпыұлттық маңызы бар мәселелерді демократиялық жолмен шешудің дәстүрін нығайтуға зор ықпал ететініне сенім білдірді.