«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен "Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылығын тұрақты дамыту мәселелері" тақырыбында ашық топ сағаты өткізілді.

26 қазан, 2024

26 қазан 2024 ж. «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен "Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылығын тұрақты дамыту мәселелері" тақырыбында ашық топ сағаты өткізілді.

Сабақтың мақсаты – білім алушыларға аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылығын тұрақты дамытудың маңыздылығын көрсету, мәселенің өзектілігіне тоқталып, аштықты жою бойынша қолданылып жатқан іс-шаралардың тиімділігін талқылау, сонымен қатар білім алушылардың  аталған мақсат бойынша шараларға белсенді қатысуға ынталандыру.

Іс-шара барысында білім алушылар азық-түлік қауіпсіздігі мен аштық мәселелерін атап өтті, өз ойларын ашық білдірді, континенттердегі елдер бойынша аштық деңгейі мен, азық-түлік жетіспеушілігі қаупін топтастырып, салыстырды. Сонымен қатар, білім алушылар аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылығын тұрақты дамыту мәселелері – бұл қазіргі уақытта жаһандық қауымдастықтың басты назарында тұрған күрделі мәселелер екендігін, бұл проблемаларды шешу тек бір елдің немесе аймақтың мүмкіндігімен шектелмейтінін, олардың жаһандық экологияға, климатқа, экономикалық даму мен халық санының өсуіне тікелей байланысты екендігіне тоқталды.

Әлемде күн сайын миллиондаған адамдар аштықты бастан кешіреді, әсіресе  дамушы елдерде бұл жағдай өткір байқалады. Аштықты жою үшін халықаралық қауымдастық азық-түлікті әділ бөліп таратуға, ашық сауда жүйелерін дамытуға және азық-түлікке қолжетімділікті арттыруға бағытталған бағдарламаларды қолдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) мен Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (WFP) сияқты ұйымдар азық-түлік тапшылығын азайтуға үлкен үлес қосуда. Азық-түлік қауіпсіздігі – халықтың әрдайым жеткілікті, қауіпсіз және сапалы тамақпен қамтамасыз етілуі маңызды. Бұл үшін әрбір ел өзінің ауыл шаруашылығы саласын дамытып, ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамсыз етуге, импорттық тәуелділікті төмендетуге тырысады. Қазақстан сияқты елдерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытумен тығыз байланысты. Азық-түлік қауіпсіздігін арттыру үшін әртараптандыру, климатқа бейімделу және жаңа технологияларды енгізу маңызды.

Ауыл шаруашылығы климат өзгерістері, табиғи ресурстардың тапшылығы және экологиялық ластану мәселелеріне байланысты тұрақты даму қағидаттарына сай жүргізілуі тиіс. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы бір-бірімен тығыз байланысты мәселелер. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту, мемлекеттік қолдауды күшейту және инновациялық шешімдерді енгізу қажет.