«Қазіргі түркі руханияты: тіл – әдебиет – тарих – мәдениет сабақтастығы»Farabi University

«Қазіргі түркі руханияты: тіл – әдебиет – тарих – мәдениет сабақтастығы»

25 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD А.М. Досанова ЖТН AP19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» атты гранттық жобасынің орындаушысы ретінде  шетелдік іссапарға барып келді.  2024 жылдың 25-27 қазан күндері Анталияда қаласында көрнекті түркітанушы-лингвист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының  иегері, ІІІ және І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Turk Dil Kyrymy мүшесі, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор РӘБИҒА СӘТІҒАЛИҚЫЗЫ СЫЗДЫҚТЫҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазіргі түркі руханияты: тіл – әдебиет – тарих – мәдениет сабақтастығы» тақырыбында халықаралық конференция болып өтті. Конференцияға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Македония, Косово, Кипр елдерінен академиялық ғылыми ортадағы жетекші ғалымдар қатысты. «Түркі тілдеріндегі фразеологизмдердің зерттелуі» атты бірлескен авторлықта баяндама жасалып, ЖТН AP19675130 «Түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» жобасы негізінде шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасып, жоба негізінде жасалған тілдік материалдардың каталогы, қазіргі түркі тілдеріне ортақ  фразеологиялық корпус жеке тілдер бойынша талқыланды, материалдар толықтырып, ғылыми бағыттары мен перспективалары сарапталды. Жоба жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Авакова Р.А.