Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушысы Өмірбекова Наргүл Жаппарқызы «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағына ие болдыFarabi University

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушысы Өмірбекова Наргүл Жаппарқызы «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағына ие болды

30 қазан, 2024

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушысы Өмірбекова Наргүл Жаппарқызы «10500 – Биологиялық ғылымдар» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағына ие болды. Бұл жетістік оның биология ғылымының дамуына қосқан зор үлесінің, сондай-ақ оқу және ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары кәсіби шеберлігі мен біліктілігінің дәлелі болып табылады.

Наргүл Жаппарқызы кафедраның жұмысын тиімді басқарып, студенттер мен жас зерттеушілерге білім беріп, ғылыми зерттеулер жүргізуде мол тәжірибе жинақтаған. Оның молекулалық биология және генетика саласындағы еңбектері жоғары бағаланып, ғылыми қауымдастық арасында кеңінен танымал.

Наргүл Жаппарқызын жаңа ғылыми атағымен шын жүректен құттықтай отырып, ғылым мен білім беру саласындағы болашақ жетістіктеріне сәттілік тілейміз!