Бейбіт ядролық технологияға жол!

6 қараша, 2024

Елдің ертеңіне қатысты маңызды мәселелер халықтың талқысынан өту керек, оған референдум арқылы халықтың АЭСті қолдағаны дәлел. Осы ұстанымды бағдар еткен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық уиверситеті, химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы  тұрақты даму мақсаттарының  ішінде барлық адамның қымбат емес, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған АЭС құрылысын салуды қолдау жөнінде «Өндірістің химиялық сараптамасы және аналитикалық бақылауы» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алып жатқан  студенттерге дәріс сабағында «Жалпы химиялық технология» пәнінен «Химия өнеркәсібіндегі энергетика. Химиялық өндірістің энергия сыйымдылығы. Энергия түрлері мен ресурстар. Химия өнеркәсібіндегі энергетика мәселесі және оны шешу жолдары» тақырыбында талқылау жасалынды.

Қазақстанда АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды шешім екені және Балқаш көлінің жағалауындағы жоба еліміздің бірнеше өңірінде энергия тапшылығын болдырмауға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталғаны, АЭС электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етіп, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектесетіні айтылды. Қазақстандағы жалғыз атом электр станциясы қуаты 350 МВт жылдам нейтронды реакторы (БН-350) бар Ақтау қаласында 1973-1999 жылдары жұмыс істеді. Елдегі уран қоры  900 мың тоннаға бағаланғанына қарамастан қазіргі уақытта Қазақстанда атом энергиясы пайдаланылмайды. Негізгі кен орындары Қазақстанның оңтүстігінде (Түркістан және Қызылорда облыстары), батысында Маңғыстауда, Қазақстанның солтүстігінде (Семізбай кен орны) (олардың химиялық құрамы да студенттерге таныс) орналасқаны Қазақстанның қазба байлықтар картасынан көрсетілді және  уран шикізатын өңдеу технологиясымен студенттер танысты (сурет).

Қоршаған ортаға және денсаулыққа берілетін әсер белгіленген нормадан едәуір төмен болады. Сондықтан АЭС-ті пайдалану табиғат пен адамдарға теріс әсер етпейді дейміз. Өйткені бұл әлемнің әртүрлі аймақтарында АЭС жақын тұратын халықты үнемі зерттеу бақылау арқылы дәлелденген.

Қазақстанда АЭС салу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің берік негізін, елдің жаңа өнеркәсіптік және технологиялық деңгейге шығуының елеулі іргетасын қаламақ.  Қоғам 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған орнықты дамудың 17 мақсатын толық қолдайды, оның 7-мақсаты сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету болашақта АЭС салу бірден бір жолы деп түсінеді. 

 

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Жакирова Н.К.