Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауын, қазіргі заманды күрделі бейімделу кезеңі, сондықтан әрбір Қазақстандықтың мақсаты: бірлікті сақтап, ел үшін еңбек ету болуы тиіс, - деп бастады. Яғни, "Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" - деген қағидатты толық ұстап, әрбір ісімізді терең ойланып, үлкен жауапкершілікпен атқару.
Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайда оған бейімделуді және әрі қарай дамуға қажет мүмкіндіктерді табу жолдарын халыққа кеңінен түсіндірді. Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық қиындықтардың басты себебі әлемдік экономика өсімінің баяулауының негізі шикізат тауарларына деген сұраныс пен бағаның төмендеуі жағдайында, теңгенің еркін айналым бағамына көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шаралар қабылдау қажеттігін негіздей келе, нақты тапсырмаларды атап көрсетті.
Жолдауда ел экономикасын қайта құрылымдау, оның бәсекеге қабілетін арттыру үшін қажет жаңа мүмкіндіктерге тоқталды. Бұл мүмкіндіктерді іске асырудың елімізде барлық жағдай бар, ал біз үшін болашағымыздың кемел жолы:
− өсу
− реформалар
− даму - деді Н.А.Назарбаев.
Негізгі өсу, яғни өсу ең алдымен экономикалық өсу, әлемдік озық 30 елдің қатарына қосылу. Экономикадағы жаңа үдерістің жаңа ішкі көздерін іске асыру. Бұл орайда халыққа мемлекет жеке меншік серіктестігінің қағидаттарын түсіндірудің қажеттілігін және соның аясында шетелдік инвестициялар тарту жұмыстарын атқару керектігін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы өткен жылдары көптеген индустриялық жобалар іске қосылғанын айтты. Алайда, солардың көпшілігі қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетсіз болып, мемлекеттік қолдаудың есебінен ғана тұр. Осының бәрі сан қуалаудың салдары. Өңір басшылыры кім құрылыс салады деген жарыс ұйымдастырды. Енді бұл кәсіпорындар жұмыс орындарын қысқартатынын мәлімдеп, Үкіметтен көмек сұрап жүгіріп жүр. Мұның бәрі өзектілендірілген индустриялық - инновациялық бағдарламада ескерілуі тиіс. 2016 жылдың 1-ші сәуірінен бастап біз бағдарламаның жаңа пішімі бойынша жұмыс істеуге тиіспіз, - деді Н. Назарбаев.
Елбасының жолдаудағы көрсеткен маңызды да, қажет шараларының бірі - бюджет шығындарын оңтайландыру. Елбасы халыққа "Қолдағы қаражатқа сай өмір сүру" - деген талап қойды. Қазақта "Көрпеңе қарай көсіл" - деген ақылды сөз бар. Міне, бүгінгі өмір талабына қарай мемлекет басшысы өз халқына осы қанатты сөзді қайталап айтты.
Жолдаудағы тағы бір жаңалық, ол салық жүйесін тиімді, бәсекеге қабілетті ету. Салықтық әкімшіліктің сапасы мен тиімділігіне қол жеткізу, салық жеңілдіктерін негізсіз беруді тоқтату. Бұл өте дұрыс, себебі, салық мемлекеттік бюджеттің негізгі кіріс көзі екені баршаға мәлім. Халықтың әлеуметтік жағдайы, қорғаныс, мемлекеттік басқару, әкімшілік шығындары салықтық түсімдерге тікелей тәуелді. Сонымен қатар мемлекет басшысы бюджеттің мемелекеттік шығындарын да тиімді жұмсау қажеттілігін терең негіздеп ашық түсіндірді. Бюджет шығындарының қысқаруы, әлеуметтік салаға ешқандай әсерін тигізбейді. Жаңа экономикалық жағдайда қаржыландырудың негізгі көзі ішкі ресурстарды тиімді пайдалану керектігін Елбасы негізгі міндеттердің бірі деп белгіледі.
Бюджет шығындарын оңтайландырудың маңызды шараларын атай келе, мемлекет жеке меншік серіктестігінің маңызына кеңінен тоқталды.
Біз, әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы жолдауды үлкен тебіреніспен және болашаққа деген үлкен сеніммен қабылдадық. Жолдауды іске асыру мақсатында өзіміздің ұжымның дағдарысқа қарсы бағдарламасына қосымша шаралар мен түзетулер енгізуді ғылыми кеңесте талқылылап, шешім шығардық. Астана мен Алматы қалаларын ғылыми сыйымды өнім өндіруші қала деген - Елбасының сөзі, біздің ғылыми-зерттеу бағыттағы орынымызбен, мақсатымызды айқындап, ел үшін еңбек етуімізге үлкен жігер мен жауапкершілік жүктеді.
Ермекбаева Баян
әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық Университетінің
Экономика және бизнес
жоғары мектебінің деканы
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері