Қазақстан дамудың даңғыл жолына бет алды

2 желтоқсан, 2015

Елбасының халқына Жолдауын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында талқылады. Жоғары оқу орнының ғалымдары, оқытушылары мен студенттері атап өткендей, Президент Жолдауы – қазақ қоғамының жаһандық дағдарыс кезіндегі тұрақты дамуға бағытталған бағдарлама. Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу үшін жеке бастамаларды қолдау, институтционалдық реформаларды жүзеге асыру және қоғамның барлық салаларын тиімді модернизациялау арқылы экономиканың дамуын бір қалыпқа түсіру керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына Жолдауында дағдарысқа қарсы басты стратегияларды айтты. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін экономиканы бір қалыпқа түсіру мәселелерін талқылай отырып, Президент оның шешу жолдарын ұсынды. Нақтырақ айтқанда, жеке бастамаларды таба отырып, өсудің ішкі мүмкіндіктерін анықтау.

Реформалар елдегі экономиканың, қоғамның және мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қоғамның барлық салаларындағы үдемелі модернизациялау елдің алға дамуының негізі. Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында Қазақстан дағдарысқа қарсы стратегияларды алғаш рет пайдаланып отыр. ҚазҰУ ұжымының пікірінше Президенттің құрылымдық өзгерістер мен дағдарысқа қарсы ұсынған бес бағыты экономиканы әртараптандыруға және жаһандық дағдарыстың алдын алуға жұмыс жасайтын болады. Президент елдің экономикалық дамуы үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде әлеуетті инвесторларды белсенді түрде тартуға шақырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде инвестиция тарту саласында тәжірибесі мол. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде университет Оңтүстік Корея, Гонконг және Сингапурдың жетекші компанияларымен медико-биологиялық инновациялық кластердің жобасымен ауқымды жұмыстар атқарып отыр.

«Алатау ИТП» арнайы экономикалық аумақты басқаратын компания» АҚ ҚазҰУ негізінде «Алатау ИТП» құрылысының үшінші кезеңін бастап кетті. ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында технологиялық циклдың "жобаның басынан аяғына дейінгі" процесстерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «ТЕХНОЛОФТ» бірегей инновациялық нысанының құрылысы жүріп жатыр. Инфоқұрылым ретінде заманауи коворкинг орталығы, 3D принтинг орталығы, инновациялық станоктармен жабдықталған шеберханалар мен конструктор бюросы атсалысып отыр. Университет қорға AlmatyTechGarden Алматылық кластерлік қорын тартуда.

Жолдауда айтылған бағдарламалық жасақтаманың көлемділігі мен мақсатқа бағытталғандығы уақыт талабына сай. Соның ішінде адами капиталдың сапалы дамуына бағытталған шараларды ҚазҰУ ұжымы айрықша атап өтті. Мемлекет білім беру және медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге айтарлықтай инвестициялар бөледі. Жалпы кәсіби-техникалық білімді тегін беру бағдарламасы аясында кәсіби білім берумен қатар жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру көзделген. Жоғары білім беру саласында бұдан бұрын қабылданған бағдарламалар аясында модернизациялауды жалғастыру керек. Себебі 2020 жылға дейін кем дегенде еліміздің екі жоғары оқу орны әлемнің ең үздік университеттерінің қатарына ену керек. ҚазҰУ-дың кешенді құрылымдық модернизациялануы мен нәтижеге бағытталған басқару жүйесі еліміздегі жетекші оқу ордасының әлемдік университеттер рейтингісне енуге мүмкіндік берді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS рейтингісінде тұңғыш рет Қазақстан және Орталық Азия университеттері арасында әлемдегі үздік университеттер ішінде 275-ші орынды иемденіп, ең үздік 300 университет қатарына және «Great Value Colleges» рейтингісінде әлемнің технологиялық дамыған университеттерінің арасында үздік 50-дің қатарына қосылды.

Жаһандық сынақ уақытында сыртқы және ішкі қатерге қарамастан, ҚазҰУ ұжымы елбасы жолдауларына балама жоқ деп санайды. Ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай мен алғышарттардың барлығы жасалған. Президенттің жоспарлары мен идеялары әрбір қазақстандықтың, соның ішінде жоғары мектеп өкілдерінің жүректерінен орын алып, үлкен сенімге ие болып отыр. Осы орайда, ҚазҰУ ұжымы тек жұмылған жұдырықтай бірлікте болған кезде ғана еліміз жаһандық дағдарыстан шығады деген сенімде, сонда ғана Қазақстан дамудың даңғыл жолына бет алмақ.

ҚазҰУ, Баспасөз қызметі

8(727)377 31 48/49