Елбасы Жолдауы - жастарға рух беруші күш
Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар Президент Н.Ә.Назарбаевтың осы салаға жете көңiл аударып, жан-жақты қолдау көрсетуi мен бастамалары арқасында жүзеге асуда. Соның нәтижесiнде бiлiм мен ғылымды дамыту саласында да едәуiр табыстарға қол жеткiздi. БҰҰ-ның дерегiнше, Қазақстандағы сауаттылық халықтың 99,6 пайызын құрайды. Бұл – әлем елдерiмен салыстырғанда өте жоғары көрсеткiш. Бұған дәлел, Елбасының жыл сайынғы Жолдауындағы баса назар адам капиталының сапалы өсуіне жіті назар аудара отырып, ең алдымен, білім және денсаулық сақтауға көңіл бөлу қажеттігін атап өткен дұрыс.
Биылғы жолдауда дағдарысқа қарсы жүргізілетін шараларды саралай келе, білім жүйесін жаңғырту, ғылымды қолдау барысында да бірқатар маңызды шаралар атқару тапсырылды. Яғни Елбасы болашақ ұрпақ үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу, білімге қолжетімділікті кеңейту, білім сапасын арттыру Қазақстанның одан әрі қарыштап дамуына үлкен үлес қосатындығына сенімді екендігін жеткізді. "Басты міндет - білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда. Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар", – деп басып айтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен студенттері бүгінгі күндегі сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай межелерімізді белгілеп, жоспарлар қойып отыр – білімді, кәсіби деңгейі жоғары маман және – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету үшін аянбайтын тұлға дайындау аясында еңбек етуде.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының басты ерекшелігі елді экономикалық дағдарыстан шығаруға басымдық беріп отырғандығында және Тәуелсіздік алғаннан бергі жерде еліміздің экономикасы жан-жақты өркендеп, әлемнің алдыңғы қатарлы отыз елінің қатарынан көрінуге ұмтылуда, сонымен қатар соңғы кездері әлемдік экономика дағдарысқа кезігіп, Қазақстан түгілі алпауыт елдер экономикасының дамуы да бәсеңдеген тұста бюджеттен бөлінген қаражаттарды тиімді пайдалану керектігі туралы үкіметті ескертті. Ал ол қаражаттың игерілуін президент аппараты мен әкім бақылап отыруы керектігін, Қазақстанда зейнетақы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляцияны 2% озып индекстеліп отыратынын басып айтты. Демек, баршамыз боп бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына ат салысуымыз керектігі жүктелді.
«Есеп және аудит кафедрасының доценті –Бейсенбаева А. К.