"Құқықтық сауаттылықты арттыру" тақырыбында Алматы мектептерімен кездесу

14 қараша, 2024

  13 қараша 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті Мұқалдиева Г.Б. Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында, Алматы қаласының мектептерінде құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алу, құқықтық мәдиениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өткізіп, мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы іс-шара өткізді.

13 қараша 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының доценті Мұқалдиева Г.Б. Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында, Алматы қаласының мектептерінде құқықтық сауаттылықты арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алу, құқықтық мәдиениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өткізіп, мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы іс-шара өткізді.

Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің бірі бұл-құқықтық мемлекетте өмір сүре отыра, азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығының төмендігі. Құқықтық сауаттылық пен мәдениет қалыптастыру ол – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократия­ның даму негізі болып табылады. Осыған орай еліміздің әрбір азаматты өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұр­ғыдан дамып, тәртіп нығаяды. Қазіргі заман адамдарға жаңа талаптар қоюымен ерек­шеленеді, себебі Қазақстанның даму деңгейі қоғам өмірінің барлық саласына терең өзгерістер енгізуде. Елеулі өзгерістердің бірі – демократиялық-құқықтық мемлекет құру. Сол себептен қазіргі заман тұлғасы сана-сезімі жоғары, өз іс-әрекетіне жауапты, әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатын, өз ше­шімін қабылдай алатын азамат болуы тиіс. Сонымен қатар еліміз болашақта өзін зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде орнықтыруды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырудың тетігі жастар екендігі белгілі. Сондықтан да жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге ба­ғытталған шаралар қажет.«Құ­қықтық сауаттылық – қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі, құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениеттілік. Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болғаны дұрыс. Сонымен қатар қоғамда болып жатқан әрекеттердің заңға қарама-қайшылығын немесе сәйкестігін сараптай алуы оның құқықтық сауаттылығымен тікелей байланыстылығын аң­ғартады. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.  Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармашылық нысандарды қолдану қажет. Яғни, білімді адам тәртіпсіз, моральға қатыссыз, заңға қарсы әрекеттердің тигізетін залалы мен зиянын ұғып біледі. Ал құқықтық білімді тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде болатыны анық. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты-заң нормаларына бағынатын, өз міндеттерін мойындайтын, заң тәртібін бұзбайтын құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде қалыптасқан құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу.