- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан және АҚШ ғалымдары қайта қалпына келетін энергия саласындағы тәжірибелерімен бөлісті
Қазақстан және АҚШ ғалымдары қайта қалпына келетін энергия саласындағы тәжірибелерімен бөлісті
«Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қайта қалпына келетін энергия технологияларымен алмасу тұрақты дамудың факторы»
Халықаралық қатынастар факультеті, АҚШ-тың Мичиган штатының мемлекеттік университеті мен АҚШ-тың Жаһандық өзара әрекеттесу институты «Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы қайта қалпына келетін энергия технологияларымен алмасу тұрақты дамудың факторы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Түркменстаннан, Өзбекстаннан, Ауғанстан мен АҚШ-тан келген сарапшы мамандар қатысты.
Конференцияның басты міндеттері қайта қалпына келетін энергия көздері саласындағы аймақтағы ғалымдардың соңғы басты жетістіктерін баяндау, Орталық және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің сарапшыларын қайта қалпына келетін энергия технологияларымен алмасудың тек азықтың қауіпсіздігіндегі жетістіктері ғана емес, сонымен қатар аймақтағы мемлекеттердің тұрақты дамуы және жалпы қауіпсіздігін күшейту жайлы болашақтағы әріптестік туралы пікір алмасу.
Пленарлық отырыста әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шәкіров К.Н, АҚШ-тың Алматыдағы бас елшісі Марк Муди, Мичиган штатындағы Мемлекеттік университеті Еуропаны, Ресей мен Еуразияны зерттеу орталығының директоры Норман А. Грэм, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты басшысы Нұрғалиева М., сонымен қатар Мичиган штатындағы Мемлекеттік университет профессоры және жаһандық қарым-қатынас Институтының ғылыми аға қызметкері Марта Брил Олкотт арнайы шақыртылды. Конференцияға қатысушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Виталий Сальниковтың «Потенциал возобновляемой энергии в Казахстане» атты пленарлық баяндамасын тыңдады.