ТДМ-4. Ғылыми семинар өтті

14 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қауымдастырылған профессор  К.Қабылғазинаның бастамасымен  магистранттар мен докторанттарға арналған  "Ғылыми жұмыстарды орындау постулаттары"  атты ғылыми семинар өткізілді.

Ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық күннен-күнге артуда. Ғылыми жұмыстардың сапасын жоғарылату мақсаты соңғы кездері өте өзекті мәселеге айналды. Ғылыми жұмыстардың мақсаты – ғылыми зерттеулердің аспектілерін талдау, мәселеленің мәнін ашу, ғылыми зерттеу процесі ерекшеліктері мен логикасын пайымдау.  Зерттеулердің әдістемелік мазмұны мен оны жүзеге асырудың кезеңдерін көрсету. Ғылыми білімді қалыптастыру, ғылыми жұмыстарды дербес жүргізе білу – алға қойылған ғылыми мақсатты іске асырудың басты кепілі.Белгісізді ашуға, айрықша идеяларды іске асыруға әрі қарастырылмақ мәселелерді жаңаша қарауға бағытталған процесс. Жұмыс жүйелілігімен сипатталады: яғни зерттеу процесі әрі оның нәтижесі тәртіпке, жүйеге келтіріледі; оған дәлелділік, жинақтаулар мен тұжырымдарды жүйелі негіздеу тән.  Алғашқы ойды мақсатты әрі жүйелі өңдеу жалғаса береді, өзгерістер, қосымшалар, нақтылықтар енгізіледі де зерттеудің сұлбасы дами береді.

Ғылыми зерттеу нәтижесі -  түсінікке, заңға және теорияға айналатын нақты мақсаттылық таным. Яғни, құбылыстардың пайда болуын, қызмет етуін, даму заңдылықтарын ашу, демек ондай құбылыстардың мәніне терең үңілу. Ғылыми-теориялық зерттеулердің басты құралдарына мыналарды жатқызуға болады: жан-жақты негізделген және бір жүйеге келтірілген ғылыми әдістердің жиынтығы; өзара бір-бірімен байланысты және ғылым тілін қалыптастыратын түсініктердің, нақты терминдердің жиынтығы. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми еңбектерге (мақала, монография, оқулық, диссертация, т.б.) айналып, жан-жақты бағаланғаннан кейін практикада жүзеге асады, практикалық таным процесінде ескеріледі және қорытынды түрде жетекші құжаттарға кіргізіледі. Cонымен, адамдардың барлық саладағы қызметтері (ғылыми, практикалық, т.б.) бірқатар факторлар қатарымен анықталады. Ғалымның деңгейі, ғылыми жұмыстарының нәтижесі дүние­жүзілік  басылымдарға шыққан мақалаларымен, сол мақалаларға басқа ғалымдардың сілтеме жасау санымен бағаланады.

Маңызды мәселе – ғылымның нәтижесі,  оның халыққа, елге, шаруашылыққа әкелетін пайдасы, яғни, енгізетін  жаңалығы. Аталып өтілген мәселелер қамтылған соң ,  скопус мақалаға қойылатын талаптар талданды.  Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі, себеп-салдары, шығу төркінін айқындау керектігі, нақты мысалдардың қажеттілігі , мәселенің күрделілік деңгейі нақты мысалдармен талданды.  Ғылыми семинар жоғары деңгейде өтті.Жас ғалымдар қызығушылық танытты. Қажетті сұрақтарына жауап алды.