Орталық Азиядағы дүниежүзілік мұра туризмінің тұрақты дамуыFarabi University

Орталық Азиядағы дүниежүзілік мұра туризмінің тұрақты дамуы

20 қараша, 2024

2024-жылдың 20-қараша күні география және табиғатты пайдалану факультетінің декан орынбасары Шәкен А.Ш. және Рекреациялық география және Туризм кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Акбар И. ұйымдастыруымен Тұрақты Даму Мақсаттарын жүзеге асыру аясында «Дүниежүзілік Мәдени Мұра нысандары орналасқан қалалардағы туризмді дамыту» тақырыбында көшбасшылық дәрісі өтті. Дәрісті Үргенч мемлекеттік университетінің проректоры, экономика ғылымдарының докторы,  профессор, Матякубов Умиджон Рахимович әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары, магистранттары және студенттеріне арнап жүргізді.