ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АБАЙ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ АБАЙ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

5 желтоқсан, 2024

Фараби университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 15 жыл толуына орай «АБАЙ ІЛІМІ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫР» атты ғылыми-тәжірибелік мәжіліс өтеді. Мәжілісте Абай ғылыми-зерттеу институтында абайтану ғылымы саласында атқарылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері таныстырылады, алдағы міндеттер бағдарланады. Мәжілісте баяндалған сөздер «Абай институтының электрондық басылымдары» сериясының кезекті жинағында жарияланады.

Мәжіліске қазақстандық әдебиеттанушылар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция 2024 жылдың 5 желтоқсанында сағат 15.00-де Әл-Фараби кітапханасының 303 залында басталады. Онлайн байланыс «Zoom» платформасында басталады. Сілтеме қосымша хабарланады.

Байланыс телефондары:  8701-270-18-68 (Ләйла Жұматайқызы); 8747 896 74 79 (Бибігүл Дәулетқызы);