"Елшілік сағаты" халықаралық қатынастар факультетінде өтті.Farabi University

"Елшілік сағаты" халықаралық қатынастар факультетінде өтті.

28 қараша, 2024

25 қарашада Халықаралық қатынастар факультетінде Әлеуметтік-мәдени мәселелер жөніндегі үйлестіруші, мәдени орталықтың басшысы, Қазақстан Республикасындағы Индонезия Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Джоенис Дуана Сираит мырзаның "Индонезия дипломатиясы" атты ашық дәрісі өтті.

Дәріс аясында Индонезия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастардың қалыптасуының негізгі кезеңдері, сондай-ақ Индонезия мен Қазақстанның экономикалық және гуманитарлық салалардағы, оның ішінде білім беру және туризм саласындағы ынтымақтастығына шолу жарияланды. Дәріскер сонымен қатар қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың жаһандық мәнмәтінін, халықаралық ұйымдардың қызметін қамтыды және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы дипломатияның рөлін атап өтті.

Джоенис Дуана Сираит мырза білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктері туралы айтып, ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азия өңіріндегі жетекші жоғары оқу орны болып табылатынын және орасан зор әлеуетке ие екенін атап өтті.

Іс-шараның модераторы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Байкушикова Гүлнара Серікбайқызы болды. Ол өз сөзінде Джоанис Дуана Сираит мырзаға алғыс айтып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Дәріс 1-4 курс студенттері мен халықаралық қатынастар факультетінің жас ғалымдарына арналған.

"Елшілік сағат" -дипломаттардың жас буынына қосымша білім алуға және қазіргі дипломаттардың құнды тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін халықаралық студенттер үшін бірегей мүмкіндік.

Жауапты: Байкушикова Г.А., Апсаттарова Г. А., Деловарова Л. Ф., Аммар Хаббиби.