Музейлік этнографиялық зерттеулер: Т.Е. Картаеваның дәрісіFarabi University

Музейлік этнографиялық зерттеулер: Т.Е. Картаеваның дәрісі

18 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 “Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық” бағыты аясында Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында ғылыми тағылымдама және ғылыми біліктіліктен өтіп жатыр. Тағылымдама барысында т.ғ.к., профессор Т.Е. Картаева "Музейлік этнографиялық экспонаттарды атрибуциялау, интерпретациялау және зерттеу нәтижелерін жариялау" тақырыбында дәріс оқыды.

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында ғылыми тағылымдама және ғылыми біліктіліктен өтіп жатыр. Тағылымдама аясында т.ғ.к., профессор Т.Е. Картаева "Музейлік этнографиялық экспонаттарды атрибуциялау, интерпретациялау және зерттеу нәтижелерін жариялау" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында музейлік этнографиялық жәдігерлерді зерттеудің негізгі кезеңдері, олардың тарихи және мәдени мәнін ашу, және ғылыми айналымға енгізу туралы айтылды.

Профессор Картаева музей жәдігерлерін атрибуциялау барысында қолданылатын ғылыми әдістерді түсіндіріп, артефактілердің мәдени контексті мен маңызын анықтау, тарихи деректерді негіздеу жолдарын баяндады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін ғылыми басылымдарға жариялау үшін қажетті талаптар мен сапа стандарттары туралы ақпарат берді. Мұндай дәрістер музей қызметкерлеріне өздерінің зерттеу жұмыстарын тиімдірек жүргізуге, жәдігерлердің маңызын дұрыс түсініп, оларды ғылыми қауымдастыққа және көпшілікке ұсынуға мүмкіндік береді.