ЮНЕСКО Конвенциясы және Қазақстанның мәдени мұрасы: С.А. Ашимованың дәрісіFarabi University

ЮНЕСКО Конвенциясы және Қазақстанның мәдени мұрасы: С.А. Ашимованың дәрісі

19 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында ғылыми тағылымдама және ғылыми біліктіліктен өтіп жатыр. Тағылымдама барысында ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының бірінші орынбасары, Материалдық емес мәдениет мұрасы бойынша Ұлттық комиссия мүшесі С.А. Ашимова "Қазақстанның ЮНЕСКО Конвенциясын ратификациялауы" тақырыбында дәріс оқыды.

С.А. Ашимова өз дәрісінде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы, конвенцияның мәдени мұраны сақтау және дамыту саласындағы маңызы туралы түсіндірді. Ол Қазақстанның материалдық емес мәдениет мұрасын халықаралық деңгейде қорғауға бағытталған қадамдарын, оның ішінде ұлттық дәстүрлерді сақтау, оларды ғылыми айналымға енгізу және жас ұрпаққа насихаттау бойынша тәжірибелерді атап өтті. Сонымен қатар, мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықтың маңызды рөлі туралы ой бөлісті, бұл ынтымақтастық мәдениеттер арасындағы түсіністік пен өзара құрметті нығайтуға ықпал етеді.

Бұл дәріс тағылымдама қатысушыларына халықаралық деңгейде Қазақстанның мәдени мұрасын дамытудағы маңызды қадамдарды терең түсінуге, сондай-ақ мәдени мұраны қорғау мен сақтау бойынша жаңа идеяларды меңгеруге мүмкіндік берді.