Музей мамандарының тағылымдаманы аяқтауы: марапаттау рәсіміFarabi University

Музей мамандарының тағылымдаманы аяқтауы: марапаттау рәсімі

23 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында ғылыми тағылымдама және ғылыми біліктіліктен өтуді сәтті аяқтады.

Тағылымдаманың аяқталуына орай Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Р.С. Жұматаев және кафедра меңгерушісінің оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Қ. Егізбаева тағылымдаманы табысты аяқтаған музей мамандарын салтанатты түрде марапаттады. Шара барысында тағылымдама қатысушылары алған білімдері мен тәжірибелерін өз кәсіби қызметтерінде қолдану мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.