«Біз жастар әділетті,қылмыссыз Қазақстанды қалаймыз»Farabi University

«Біз жастар әділетті,қылмыссыз Қазақстанды қалаймыз»

30 қараша, 2024

Біздің жастарға беретін  басты тәрбиеміз жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, интеллектуалдық әлуетті дамыту, жастардың жоғары мемлекеттік органдарда әлеуметтік, мәдени және экономикалық мүдделерін білдіру әрі қорғау болып табылады.Біздің міндет – әр түрлі білім беру бағдарламалары арқылы жастардың бастамаларын қолдау және жүзеге асыру, жастардың отаншылдық сезімін күшейту, жастарға экологиялық тәрбие беру. 

Тыңдаушылардың отаншылдық сезімін күшейтіп,әділетті қоғам құруға патриоттық сезімін ояту және насихаттау мақсатында тыңдаушылар арасында "Біз жастар әділетті,қылмыссыз Қазақстанды қалаймыз" атты дөңгелек үстел өттілді.Тындаушылар өз пікірлерімен бөлісіп,ойларын ашық айтты.мысалы: Әр өңірден келген тыңдаушыларымыз өз білім-білігімен бөлісу мақсатында бір жерге тоғысып, ой алмасып жатыр. Көп жастар өз ойларын  жеткізе алмайды,бағыт-бағдарын айқындап білмейді, керекті ақпаратқа қол жеткізе алмай жатады. Осы тұста өзінің нақты жобасы, идеясы бар жастарға мұндай шаралар үлкен мүмкіндік ашады. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның құндылығы, маңызы осында деп ойлаймыз.