"Тілдер және аударма шеберлігі" атты семинар болып өтті.
3 желтоқсан күні «Орыс тілі және мәдениеті» орталығы өз қонақтарын «Тілдер және аударма шеберлігі» атты тақырыпта өткен семинарымен тағы қуантты. Бұл іс-шара орталық ұжымының ұйымдастырып жүрген керемет іс-шараның кезекті лайықты жалғасы болды. Бұл жолғы семинар орыс тілі мен әдебиеті Халықаралық Ассоциациясы президиумы мүшесі - Рафаэл Гусман Тирадоның басшылығымен өтті. Құрметті профессор Гранада университетінде славян филологиясы бөлімінде оқытушы болып табылады.
Шуақты Испаниядан келген қонақ өзінің көпжылғы тәжірибесімен бөлісіп, «Тілдер және аударма шеберлігі» атты маңызды тақырыптың мазмұнын мағыналы түрде аша білді. Барлығымызға белгілі, машиналық аударма, жаһандану дәуіріне қарамастан мәдениеттердің тоғысуы тілдерді қажет етеді. Аудармашының қызметі әлі күнге дейін маңызды және үлкен еңбекті талап етеді. Қатысушы студенттер, магистранттар және докторанттар орыс тілі мен мәдениетін әлмдік мәдениеттің бөлігі ретінде оқыту, дамыту, сақтау және жариялау мақсатында құрылған биліктік емес қоғамдық МАПРЯЛ ұйымы жайлы жаңа білімге ие болды.
Рафаэль Гусман Тирадоның көпжылдық тәжірибесі, оқытушылыққа деген махаббаты және терең білімі семинардың әсерлі және сәтті өтуіне септігін тигізді. Қонақтадың назарын алғашқы сәттен бастап өзіне аудартып, қатысушылардың әрқайсысының қызығушылығын оята білді. қатысушылардың әрбірі бұл керемет іс-шараны естерінде ұзақ уақыт сақьайтыны анық.