«Сапалы білім – болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

«Сапалы білім – болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел

27 қараша, 2024

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2024 жылдың 27 қараша  күні философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушылары Қ. А. Авсыдыкова, И.С.Сарыбаева «Сапалы білім – болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған іс-шарада Сапалы білім – әр адамның да, бүкіл қоғамның да жарқын болашағының негізі, бірақ білімге тең қолжетімділікті қалай қамтамасыз етуге болады? Технологиялар мен инновациялар оқу процесіне қалай әсер етеді? Дәл осы сұрақтар дөңгелек үстелде талқыланды. Баяндамалардан кейін қатысушылар көтерілген мәселелерді талқылап, өз пікірлерімен бөлісті және практикалық шешімдер ұсынды. Іс-шара модератордың қорытынды сөзімен және шабыттандыратын ұсыныстарымен аяқталды.