Эпостану мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми семинар

28 қараша, 2024

2024 жылғы 27–28 қарашада УрФУ Орал гуманитарлық институтында "Turco-Slavica және тарихи-мәдени контекстегі эпикалық мұра" ғылыми семинары өтті, оған Ресей мен Қазақстанның зерттеушілері қатысты.

Психология ғылымдарының докторы, Орал гуманитарлық институтының директоры Эльвира Эвальдовна Симанюк іс-шараға қатысушыларды қарсы ала отырып, түркі және славян халықтарының мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал ететін осындай семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев құттықтау жолдауында Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын нығайтып, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастығы үшін УРФУ УГИ басшылығы мен ұжымына алғыс айтты.

Семинардың ресми бөлімінде Қырғыз Республикасының Екатеринбург қаласындағы Бас консулы Мақсат Есенбекұлы Тентимишов сөз сөйледі, оның баяндамасы елдегі және әлемдегі "Манас" эпосының маңыздылығына арналды.

Ғылыми бөлімде түркі және славян халықтарының эпикалық мұраларындағы ұлттық бірегейлікті зерттеу әдіснамасынан бастап эпостардың лингвистикалық, әдеби компоненттерінің ерекшеліктерін зерттеуге дейінгі көптеген мәселелерді қамтитын баяндамалар тыңдалды. Филол.ғ.д., УРФУ  орыс тілі, жалпы тіл білімі және сөйлеу коммуникациясы кафедрасының профессоры Дмитриева Татьяна Николаевна Г.З. Байер - Г.Ф. Миллердің Сібір татар лексикалық материалдарында және қазіргі лексикографиялық дереккөздерде "Құдай" және "шайтан" ұғымдарын бейнелеу ерекшеліктерін ашты. Филол.ғ.к., ҚазҰУ түркітану және алтайтану ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, Astana IT University ассистент-профессоры Аманжолова Джемма Болатқызы қазіргі мектепте түркі және славян эпосын оқытудың ерекшеліктерін ашты. Филол.ғ.к., УрФУ орыс және шетел әдебиеті кафедрасының доценті, бакалавриат мектебінің директоры «Орта Азия және кейінгі КСРО-ның өзекті мәдениеті» тақырыбында баяндама жасады, бұл баяндама тыңдаушылардың ерекше қызыңушылығын тудырды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түркология және алтаистика ҒЗИ директоры Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы Бақыт Қайырбековтің шығармашылығында "Гильгамеш туралы Эпос" баяндамасын ұсынды.

Филол.ғ.д., УРФУ орыс және шетел әдебиеті кафедрасының профессоры Соболева Лариса Степановна "Ұлттық бірегейлік және эпос: "Игорь полкі туралы сөзді" көркемдік қабылдау" тақырыбында баяндама жасады. Филол.ғ.д., УРФУ неміс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, лингвистика департаментінің директоры Томберг Ольга Витальевна англо-саксондық қаһармандық эпостың бейнелері мен құндылықтары туралы айтты. Тарих ғылымдарының кандидаты, УрФУ ғылыми және инновациялық жұмыс бөлімінің бастығы, жаңа тарих кафедрасының доценті, Запарий Юлия Владимировна "Эпос материалдық емес мәдени мұра нысаны ретінде" тақырыбында қызықты зерттеу ұсынды.

Семинар бағдарламасында жас ғалымдардың хабарламалары: М.Қощыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Роман-герман филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Кузнецова Ирина Николаевна, ("Педагогикалық дискурстағы тұлғалардың атауы: қазақстандық білім берудегі эпикалық тәжірибе және англицизмдер" тақырыбы); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Кикбаева Айнұр Теміржанқызы ("Қобыланды батыр" қазақ эпосындағы антропонимдер мен топонимдердің ұлттық-мәдени ерекшелігі" тақырыбы); Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түркітану және алтайтану ҒЗИ "Қолжазбалар зертханасының" жетекші маманы Искендир Аккуралай Абдиуалиевна ("Виртуалды мұражай құру перспективасындағы түркітанушы ғалымдардың эпистолярлық мұралары") тыңдалды.

Семинар модераторы – филол.ғ.д., УГИ УРФУ фундаменталды және қолданбалы лингвистика кафедрасының профессоры, "Филология факультеті" департаментінің директоры Анна Михайловна Плотникова бірінші бөлімді қорытындылап, баяндамашылар мен тыңдаушыларға алғысын білдірді.

Семинар жұмысы УРФУ археографиялық зерттеулер оқу-ғылыми зертханасында дөңгелек үстел форматында жалғасты. Тарих ғылымдарының докторы, зертхана меңгерушісі Починская Ирина Викторовна қонақтар мен қатысушыларды зертхана жұмысымен таныстырып, кириллица жазба ескерткіштерінің бірегей қорын көрсетті (шамамен 6000 бірлік), қалпына келтіру шеберханасына экскурсия өткізді.

Реставратор Надежда Сергеевна Щербакова жеке кітаптарды қалпына келтіру процесін көрсетті, кітаптар мен қолжазбалар қорының мұрасын сақтау жұмыстары туралы айтты.

Кездесу барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы түркітану және алтайтану ҒЗИ "Қолжазбалар зертханасында" қазақстандық түркітану қолжазбаларының дерекқорын құру үшін ресейлік әріптестердің тәжірибесін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды, бұл біздің ғылыми және білім беру байланыстарымызды нығайтудағы маңызды қадам.    

Қазақстандық делегацияның осы ғылыми іс-шараға қатысуы "Қоғамның рухани жаңғыруы жағдайындағы Қазақстанның түркі тілдері: графикадан эпикалық мәтінге" (AP23486380) жобасы аясында жүзеге асырылды.

 

Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы

филология ғылымдарының докторы,

орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, Түркітану және алтайтану ҒЗИ атқарушы директоры