Тәрбиелік шара шеңберіндегі дөңгелек үстел

3 желтоқсан, 2024

«Жаңа Қазақстан» идеясы аясында білім беру жүйесін жетілдіру, оның сапасын арттыру арқылы зияткерлік әлеуеті жоғары, саналы және жауапты жастарды тәрбиелеуде, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен докторанттары университеттің Тұрақты даму мақсаты аясында апта сайын тәрбиелік-танымдық іс-шаралар өтукізде.

«Тұрақты даму мақсатының 5 бөлімі – «Гендерлік теңдік» негізінде 2024 жылдың 3 желтоқсанында «Мәдениет және гендерлік саясат: қоғамдағы теңдікке қадам» тақырыбында кафедра бойынша педагогикалық практика жетекшісі аға оқытушы, PhD докторы, Сейсенбиева Элеонора Сарсенәліқызы мен «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығының докторанттары Уразгалиева Светлана, Сайлаухан Абылай, Болат Рауан ашық пікірсайыс форматында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізді.

Пікірсайыс алаңында кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттары, және «Әдебиеттану», «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарының студенттері қатысты. Әртүрлі бағыттағы ізденістерін ортаға салды. Ұлттық тәрбие мен жаһандық мәдениет тоғысында пайда болған түйткілді мәселелерді талқылады.

Пікірсайыс алаңындағы спикерлердің пікірі қос бағытта өрбіді:

біріншісі, тең құқылы саясаттың қазақ қоғамындағы сипаты;

екіншісі, гендерлік саясаттың әлемдік сахнадағы ұстанымы.

Алғашқы бағыттағы топтың пікірінше, ұлттық таным көзқарасы тұрғысынан мемлекеттіктің қағидаттарын берік ұстанып, зайырлы қоғамның әдебіне сай өмір сүрген ата-бабалардың сара жолымен жүрсек, көшімізді заманға сай бағыттай білсек, мақсатымыз айқын болмақ.

Екінші топтың ұстанымы – БҰҰ Жарғысының кіріспесінде «Халықаралық шарттар мен құқықтың басқа да құжаттарынан шығатын талаптарға әділдік пен құрметті сақтау» міндеті қойылғанын негізге алады. Жарғыда «Адам құқықтары» термині 7 рет қайталанып, адам капиталының маңыздылығына басымдық берген. Сондықтан, топтың мақсаты – БҰҰ-ның ЮНЕСКО міндетіне жүктеген елімізге қатысты бақылау болжамдарын және өзге де әлемдегі әлеуметтік-статистикалық рейтингтердегі сәйкессіздіктерді жою. Қазақстандағы гендерлік теңдік мәселесін шешудің тарихи-мәдени аспектілерін қарастыру ұсыныстарымен бөлісті.

Тақырып ауқымды. Қайшылықты пікірлер, маңызды ақпараттар, жаңашыл көзқарастағы аудитория тақырып мазмұнының кеңінен ашылуына мүмкіндік берді. Ашық пікірсайысқа студенттер белсенді қатысты. Сұрақ-жауап арқылы ой-пікірлер айтылды, талдаулар жасалды.

Пікірсайыс кезеңдері жүйелі логикалық байланысқа құрылған. Тәрбиелік шара өз мақсатына жетті.