Тіл - темір қазығымызFarabi University

Тіл - темір қазығымыз

5 қыркүйек, 2024

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Тоқтабаева «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының қазақ бөлімінің 303-304 топтарымен сапалы білім беруді (4.3.3 - Үздіксіз білім алу үшін кәсіптік оқыту қызметі) және тұрақты қалалар мен елді мекендер (11.2.6 - Мәдени мұраны есепке алу және сақтау) тұрақты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру барысында «Тіл – темір қазығымыз» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында студенттер Қазақстан сияқты бірнеше ұлт өкілдері тұратын мемлекетте тілдік ахуалдың тілдік құрылымының қалыптасуы мен дамуының және этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімнің реттелуінің басты факторы болып табылатыны туралы пікірлерін білдірді.