ҚазҰУ-нің Қытайтану кафедрасы «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» ТДМ шеңберінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ның жаңа кафедрасымен ынтымақтастық орнаттыFarabi University

ҚазҰУ-нің Қытайтану кафедрасы «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» ТДМ шеңберінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ның жаңа кафедрасымен ынтымақтастық орнатты

27 қараша, 2024

2024 жылғы 27 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қытай тілі және қытайтану» жаңа кафедрасының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қытайтану кафедрасының меңгерушісі Ержан Әбдірайымұлы Керімбаев пен кафедра оқытушылары, сондай-ақ қытай ғалымдары, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысты.

ҚазҰПУ ректоры Тілеп Болат Анапияұлы тілдік және мәдени өзара іс-қимылды дамыту үшін жаңа кафедра құрудың маңыздылығын атап өтіп, қонақтарды қарсы алды. Бұрын шығыс филологиясы және аударма кафедрасы шеңберінде жүзеге асырылған қытай тілін оқыту өз бетінше жеке кафедраға бөлініп шығуы қытай тілі мен мәдениетін үйренуге деген қызығушылықтың артуын көрсетеді.

Іс-шара аясында Пекин Feihua халықаралық білім беру компаниясы ұсынған, заманауи жабдықтармен жабдықталған лингафондық зертхананың таныстырылымы өтті. Рәсімге қатысушылар жаңа кафедраның табысты жұмыс істеуіне тілектестіктерін білдіріп, оның Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру және мәдени серіктестікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.