Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара туралы есепFarabi University

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара туралы есеп

5 желтоқсан, 2024

БҰҰ-ның 8-ші тұрақты даму мақсаты – «лайықты жұмыс және экономикалық өсу», сондай-ақ Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 2024 жылғы 28 қарашада Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің жанында халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс студенттері, «Әлемдік экономика» мамандығының орыс және қазақ бөлімдерінің қатысуымен халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Бекмұхаметова А.Б. жетекшілігімен іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты:
    1.    Студенттер мен азаматтар арасында патриотизмді нығайту;
    2.    Тәуелсіздік күнінің жас ұрпақ үшін маңыздылығын түсіндіру;
    3.    Қазақстан Республикасының тарихи құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.
Іс-шара келесі кезеңдерді қамтыды:
    1.    Іс-шараның ашылуы:
Қатысушыларды жалпы қарсы алу және іс-шараның мақсаттарын жариялау. Студенттер өздерімен бірге республика тәуелсіздігін бейнелейтін атрибуттарды алып келді.
    2.    Дискуссия/әңгіме:
Тәуелсіздік алған кездегі маңызды оқиғалар және егемендік алғаннан кейін республика әлемдік экономикада қол жеткізген негізгі жетістіктер туралы дискуссия өтті.
    3.    Азаматтардың тарихи деректерді білуіне арналған сауалнама өткізу:
Қатысушылар ел тарихы, оның жетістіктері және тәуелсіздікке қол жеткізу туралы білімдерін көрсетіп, сұрақтарға белсенді жауап берді.
4. Қорытынды: іс-шараның соңында қорытындылар шығарылып, жастардың оқу және әлеуметтік жобалар арқылы ҚР болашағын құруға қосқан үлесі атап өтілді. Тәуелсіздік монументінің жанында суреттер түсірілді.

Іс-шараның қорытындысы:
Іс-шараға студенттер, оқытушылар, Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер-ел қонақтары қатысты. Бұл іс-шараны мәдени іс-шаралар арқылы ұлттық дәстүрлер мен тарихқа деген қызығушылықтың артуы деп санауға болады. Олар жиі өткізіледі деп үміттенейік.

Іс-шараны өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!