"Қазақстандағы балалар құқығы болашақ заңгерлер көзімен“

5 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 5- желтоқсанында сағат 14.00-де Тұрақты дамудың 16 мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде шет тілдер кафедрасы "Қазақстандағы балалар құқығы болашақ заңгерлер көзімен“ атты халықаралық іс-шара өткізді.Іс-шараға кафедра оқытушылары Қ.А.Айсултанова, Г.К.Атабаева, Г.С.Махарова, Ш.С.Дуйсебаева,Г.Б.Кыдырбаева,Е.Н.Михальченко және заң факультетінің 1-курс студенттері  қатысып, маңызды пікірталастар мен мазмұнды баяндамалар жасалды. Іс-шараның ерекшелігі – оған Моңғолияның жетекші заң факультеттерінің студенттері Zoom платформасы арқылы қосылып, қазақстандық студенттермен бірге балалар құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырғаны болды. Онлайн форматта 20 студент, оның ішінде Моңғолия тарапынан Раббина Болат, Саруул Батсайхан, Досжан Ділназ, Алексей Нұрбақыт, Бағдаулет Раббина, Салтанат Нұрсәуле, Мұхаметхан Үкілімай, Брижнев Үміт, Гүлнұр Жахыт және Халимбек Анар белсенді қатысып, іс-шараның маңыздылығын арттырды. Іс-шара барысында студенттер балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін заманауи көзқараспен талқылап, осы бағытта болашақ заңгер ретінде оны  шешу жолдарын  ұсынды. Қазақстандық және моңғол студенттер арасында қызықты пікір алмасулар мен сұхбаттар өтіп, тараптар өз елдеріндегі заңнамалық базаны салыстырып, тәжірибе алмасты. Әсіресе балалардың білім алу, қауіпсіздік және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалуы сияқты өзекті мәселелер көтерілді. Іс-шараның шарықтау шегі ретінде заң факультетінің студенттері мазмұнды баяндамалармен қатар, ұлттық өнерді паш етіп, домбырамен күй орындап, ән айтты. Соңында заң факультетінің деканы атынан белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар табысталды. Марапат алғандар арасында қазақстандық студенттермен бірге моңғол студенттер де болды. Мұндай ынтымақтастық болашақ заңгерлердің кәсіби және халықаралық деңгейде ой өрісін кеңейтуге үлкен ықпалын тигізді. Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы тармағы бойынша, яғни бейбіт, әділетті және инклюзивті қоғам құру жолында балалар құқықтарын қорғау мәселесін талқылау болды.

Бұл тармақ балалардың құқықтарын қорғау арқылы әділетті қоғамды қалыптастыруға ерекше мән береді. Осындай іс-шаралар тек білім алмасу алаңы болып қана қоймай, болашақ заңгерлердің қоғамға деген жауапкершілігін арттырып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Қазақстандық және моңғол студенттердің бұл конференциядағы бірлескен жұмысы балалар құқықтарын қорғау мәселесін шешуде жаңа идеялар мен мүмкіндіктер ашты.